САУАТТЫЛЫҚ ҚАЖЕТ

САУАТТЫЛЫҚ ҚАЖЕТ

 

Кез- келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Себебі жемқорлық мемлекетті ішінен жойып, жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық кауіпсіздікке қауіп-қатер төндіретін бірден бір дерт. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі-осы зұлымдықпен күресі болып табылады.

Осы орайда, Қызылқоға аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі 10 мемлекеттік қызмет көрсетілетінін атап өткім келеді. Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру, бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру, жер учаскесінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау, іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру, ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру,  елді мекен шегінде обьект салу үшін жер учаскесін беру,  жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату, сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу, жер учаскесін алу үшін кезекке қою. Аталған мемлекеттік қызметті алу үшін жеке тұлғалар электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы www.egov.kz (e.license) "электрондық үкіметтің" веб-порталы  және eatyrau арқылы өтініш бере алады. Осыған орай, қызметтерді алу үшін  әр адамда  жеке электрондық цифрлы қ қолтаңбасы болуы шарт. Сондықтан жоғарыда айтылғандай, сыбайлас жемқорлық фактілері туындамас үшін, әр адам осы мәселелерге бей-жәй қарамай, сауатты болып, электронлық цифрлы қолтаңбасын ешкімге бермей өзінің жеке ақпарат тасымалдағышына сақтап, өзі қолданғаны абзал.

 

 

Қызылқоға аудандық ауыл шаруашылығы

және жер қатынастары бөлімінің бас маманы                       Ж.Махметова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

САУАТТЫЛЫҚ ҚАЖЕТ
Дата публикации
22 мая 2023