Жемқорлық – індет, жою – міндет
Өркениеттің өркешіне жармасқан елдер үшін бас ауруға айналған сыбайлас жемқорлық өкінішке орай күнтәртібінен түспейтін мәселе болды.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу, оны болдырмау Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі. Мемлекеттің дамуына бармақ басты, бұрынғы өткен ата-бабаларымыз да дөп басып «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген. Олардың әділдік пен турашылдықты ту еткендігін ғасыр қайраткерлері Төле би, Қызыбек би, Әйтеке билердің өмірі дәлел болатындығын тарихтан білеміз. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті адам өзінен бастауы керек және жемқорлық әрекеттері орын алған жағдайда құзырлы органдарға хабарлау қажет. Сыбайлас жемқорлық деректерімен кездескен жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне 1424 телефоны арқылы ақпарат беруге болады. Жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабар берген азаматтарға сыйақы белгіленген. Қорыта айтқанда сыбайлас жемқорлық – заңбұзушылықтың ең қауіпті түрі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптасқан жағдайда адам адамгершілікке жат қылықтардан бойын аулақ ұстап, заңға қайшы келетін әрекеттерді жасауға жол бермегенде ғана оның тамырына балта шаба аламыз.
|
Жанар Куанышева Жангелдин ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы
|