Құрметті Қызылқоға ауданының тұрғындар!
Қызылқоға ауданы Мұқыр, Сағыз ауылдарында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» мәселелері жөнінде кездесу өтетінін хабарлаймыз.
Кездесуге Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиев пен «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филилалының директоры Байтолла Ғазизов қатысады.
Мекеме басшылары мен есепшілер, жеке кәсіпкерлер «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» жүйесінде көрсетілетін медициналық көмектің көлемі, қолжетімділігі, сапасы, міндетті медициналық сақтандыру жарналарын төлеу және МӘМС жүйесіне қатысу әдістерін түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Сондай-ақ, кездесу аудан әкімдігінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында (Қызылқоға ауданы әкімдігі) тікелей эфир арқылы көрсетіледі.