"Ауыл-ел бесігі»

                                             «Ауыл –Ел бесігі»

      

       Мемлекет басшысының жарлығымен іске асыру үшін  Үкімет Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекітті. Тұжырымдамада «Ауыл–Ел бесігі» жобасы аясында республика бойынша ауыл тұрғындарының 90%-ы өмір сүріп жатқан  даму әлеуеті жоғары 3,5 мың ауылдық елді мекенді (АЕМ) кешенді жаңғыртуға баса назар аударылған.    

     Осыған сәйкес Қызылқоға ауданда 2023 жылы «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында бес жоба жоспарланған:

  1. Миялы ауылындағы "А.Сарбөпе" атындағы саябақты күрделі жөндеу жұмыстары басталуда. Жоба құны: 179 681 551.90 (жүз жетпіс тоғыз миллион алты жүз сексен бір мың бес жүз елу бір тенге тоқсан тиын) теңге. Мердігер "SK MIRAS LLP" ЖШС . (1-қосымша)
  2. Мұқыр ауылындағы орталық саябақты күрделі жөндеу жұмыстары басталуда. Жоба құны: 100 797 482.46 (жүз миллион жеті жүз тоқсан жеті мың төрт жүз сексен екі тенге қырық алты тиын) теңге. Мердігер "Жайық Сити" ЖШС . (2-қосымша)
  3. Жасқайрат ауылындағы спорт кешенінің құрылысы жұмыстары басталуда. Мердігер "БатысСтройСервис-Атырау" ЖШС. Жоба құны: 508 850 823.32 (бес жүз сегіз миллион сегіз жүз елу мың сегіз жүз жиырма үш тенге отыз екі тиын) теңге.
  4. Тасшағыл ауылындағы спорт кешенінің құрылысы басталуда. Жоба құны: 486 967 258.68 (төрт жүз сексен алты миллион тоғыз жүз алпыс жеті мың екі жүз елу сегіз тенге алпыс сегіз тиын) теңге

Мердігер "БатысСтройСервис-Атырау" ЖШС.

  1. 5. «Қоныстану елді-мекенінде су құбыры желілерінің құрылысы» жұмыстары мамыр айында басталатын болады. Мердігер "Жаңарту" ЖШС. Жоба құны: 85 236 842.10 (сексен бес миллион екі жүз отыз алты мың сегіз жүз қырық екі тенге он тиын) теңге.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-қосымша

 

2-қосымша

 

 

 

 

 

                              

"Ауыл-ел бесігі»
Дата публикации
17 апреля 2023