Сағыз ауылы бойынша қоғамдық медиатор Аяганова Мейрамгуль Шарухановнаның өмірбаяны
АягановаМейрамгульШарухановна1974 жылы 9 мамырда Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы ,Ебейті елді мекенінде дүниеге келген. 1980 жылы Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Крупскаясовхозы, Қопа орта мектебінің табалдырығын аттаған. 1991 жылы аталған мектепті бітіріп, сол жылы Атырау қаласындағы Х.Досмұхамедоватындағы институттың филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті бөліміне оқуға түскен. Университетті 1996 жылы бітіріп, «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша диплом алды.
Алғаш ұстаздық жолын 1999 жылы Кенбай орта мектебінен бастаған. 2003-2020 жылдары «Жалпы білім беретін №9 орта мектепте» қызмет жасаған.
Аяганова Мейрамгуль Шарухановнаның 2018 жылы «Оқушылар шығармашылығын дамытудағы әдебиеттің рөлі» атты оқу-әдістемелік құралы жарық көріп, №С 0026 куәлігімен «Үздік автор» төс белгісімен марапатталды. 2021 жылы бір топ өлеңдері «Қыр тынысы» атты Атырау облысы Қызылқоға ауданы жазба ақындарының жыр жинағына енген.
Қазіргі таңда «Туған жерге сағыныш», «Кел,достар», «Сені іздедім», «Солдатқа сағыныш», «Немерем», «Ұстазым», «Сағым кеште», «50 жасқа тілек» әндерінің сөзін жазса, әуенін жерлес сазгер Ә.Темірханов, Б.Әмірханқызы және Н.Ищманов шығарды. Бұл әндер қазіргі таңда сахна төрінде орындалуда.
Қазіргі таңда «Сағыз орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мектеп директоры болып қызмет етеді. Отбасылы, төрт бала, немере тәрбиелеуде.