Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы

Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы

 

         Қызылқоға ауылдық әкімі аппаратында Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің барлық түрлері бойынша ауыл тұрғындарына электронды түрде көрсетілетін қызметтерді халық арасында түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады. Сонымен қатар, азаматтарға қолайлы ахуал қалыптастыру мақсатында ақпараттық стендтер, мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алуға арналған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істеуде. Тұрғындарға қолайлы қызмет алу үшін  толықтай жабдықталған, қызмет алу мүмкіндіктері қамтылған. Қажет болған жағдайда, жауапты арнайы маман көмек көрсетеді.    

        Қызылқоға ауылдық әкімі аппаратында бірқатар сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер көрсетіледі: "Елді мекендер шегінде
объектілер салу үшін жер
учаскелерін беру"  «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою», «Жер учаскесін жеке меншікке  ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату», «Жер  учаскесінің мақсатын өзгерту» және де бірқатар әлеуметтік, білім беру саласындағы қызметтер де бар.            

       Сонын ішінде, «Жер учаскесінің мақсатын өзгерту» мемлекеттік қызметтер көрсетуге тоқталып өтсем.   

       Егер сіз иелігіңіздегі жер учаскесінің пайдалану мақсатын өзгертіңіз келсе, оны міндетті түрде заңдастыру керек. Себебі, заң бойынша жер телімдері мақсатына сай пайдаланылмаған жағдайда, айыппұл салынуы мүмкін. Қызмет тегін, 13 жұмыс күн ішінде көрсетіледі. Ол үшін жер иесі eGov.kz электронды порталы арқылы жылжымайтын мүліктің толық ақпаратын көрсетіп онлайн өтініш береді. Өтініш келіп түскен соң жауапты мемлекеттік орган округтің бас жоспарын ескере отырып, шешім шығарады.          Берілген өтініштің мәртебесін және жауабын жеке кабинеттен қадағалап отыруға болады.

 

Қызылқоға ауылдық округінің бас маманы Д.Әнетова      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы
Дата публикации
27 марта 2023