Сыбайлас жемқорлық қылмыстың болуы немесе болмауы туралы ақпаратты eGov.kz порталы мен eGov mobile қосымшасынан алуға болады.

      Сыбайлас жемқорлық қылмыстың болуы немесе болмауы туралы ақпаратты eGov.kz порталы мен eGov mobile қосымшасынан алуға болады.    

      

       Жаңа қызметтің көмегімен:        

- азаматтық қызметке орналасу кезінде;   

- квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жұмысқа орналасу кезінде сыбайлас жемқорлық қылмыстың болуы/болмауы туралы мәліметтер алуға болады.    

  

eGov.kz порталында жаңа қызметті алу үшін:  

- порталда авторизациядан өту керек;  

- басты бетте «Азаматтарға» - «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» - «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімін таңдау қажет;

- «Адамның сыбайлас жемқорлық қылмысы туралы мәліметтер беру» қызметін таңдап, «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басу қажет;

- қызметке өтінім беріп, қолжетімді әдістердің бірімен қол қою қажет. 

    

    Қызмет көрсету нәтижесі - жеке кабинетте «Қызметтер тарихы» бөліміне  келетін хабарлама болып табылады.    

 

Қызылқоға ауылдық округінің бас маманы Д.Әнетова

 

Сыбайлас жемқорлық қылмыстың болуы немесе болмауы туралы ақпаратты eGov.kz порталы мен eGov mobile қосымшасынан алуға болады.
Дата публикации
14 марта 2023