«Қайтыс болуды қалай тіркейміз?»
Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу үшін қайтыс болған адамның жақын туыстары, оның мұрагерлері тобына кіретін басқа да тұлғалар, қайтыс болған тұлғамен бірге тұрған адамдар, көршілері кез-келген тіркеуші органға немесе Мемлекеттік корпорацияға қалауы бойынша жазбаша нысанда не портал арқылы электрондық түрде қайтыс болуды тіркеу туралы өтініш береді.
Егер өтініш беруге уәкілетті тұлғалар медициналық ұйым белгіленген нысандағы құжат берген, қайтыс болу фактісін анықтау немесе тұлғаны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімімің заңды күшіне енген күннен бастап үш жұмыс күн ішінде қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу өтініш бермеген жағдайда, қайтыс болған жері бойынша тіркеуші орган қайтыс болуды мемлекеттік орган АХАЖ АЖ-ға келіп түскен негізге сәйкес қайтыс болуды мемлекеттік тіркеуді өз бетінше жүргізеді.
Қайтыс болған адамның жақын туыстары, оның мұрагерлерінің шеңберіне кіретін басқа тұлғалар жүгінген кезде қайтыс болған тұлға туралы жетіспейтін мәліметтер қайтыс болғаны туралы акт жазбасына енгізіледі және қайтыс болғаны туралы куәлік беріледі.
Қайтыс болу мемлекеттік тіркелгеннен кейін қайтыс болған адамның мұрагерлері аясына кіретін басқа адамдарға не қайтыс болған адам қамқорлықтарында болған азаматтарға, сондай-ақ қайтыс болған адам тұрған немесе жазасын өтеген мемлекеттік ұйымдардың өкілдеріне қайтыс болу туралы куәлік беріледі.
Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу жасалғаннан кейін қайтыс болу туралы хабарламаны «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алуға болады.
Аудандық жұмыспен қамту,
әлеуметтік бағдарламалар және
азаматтық хал актілерін тіркеу
бөлімінің бас маманы С.Жұбаева