Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмысын жалғастыруда

Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмысын жалғастыруда

 

Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер — жеке мемлекеттiк функцияларды iске асырудың бiр түрi. Ол қызмет алушылардың өтiнiшi бойынша жекеше турде олардың құқықтарын, бостандықтары мен қаржылы және қаржылы емес заңдылықтарға сәйкес және тұлғаларға қызмет көрсетудi iске асырады. Мемлекет алдына қойылған негiзгi мiндеттердiң бiрi — жоғары сапалы мемлекеттiк қызмет көрсетуге барлық халықтың бiрдей қол жеткiзуі.

2018 жылдың ІІ жарты жылдығынан бастап аудан әкімі аппаратының  ұсынысына сай, Жангелдин ауылдық округі әкімі апаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс жасай бастады. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышын құрудың мақсаты электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен электронды мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндік беру, халықтың компьютерлік сауаттылығын арттыру, «электрондық үкімет» порталындағы жұмыс істеу дағдылары болып табылады. Осы орайда Жангелдин ауылдық округі әкімі ғимаратында тұрғындарға арналған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы (зона самообслуживания), яғни мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде алу бұрышы жасақталды. Бұрышта интернет желісіне қосылған компьютер қойылған және әкімдік тарапынан халыққа үйрететін маман қарастырылған. Тұрғындар бар болғаны электронды-сандық қолтаңба мен ғаламтор желісімен жұмыс істей білу керек.

Жангелдин ауылдық округі әкімінің аппараты  мемлекеттік мекемелер ғимараттарында орналасқан Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышындазаңға сәйкес нұсқаулықпен  «Электрондық үкімет» порталы, Mgov, Telegram-бот,  @EgovKzBot мобильді мессенжерін пайдалану арқылы керекті қызметтерді жергілікті тұрғындар қолжетімді,кедергісіз  алуда. Электрондық үкіметті дамыту дегеніміз біріншіден, халықтың компьютерлік сауаттылығын көтеру, халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін жақсарту, сол арқылы мемлекеттік қызмет сапасын арттыру.

Округ әкімі аппаратының негізгі функцияларының бірі мемлекеттік қызмет көрсету саласында тұрғындардың өтініштерін қанағаттандыру, мүмкіндігі шектеулі жандар мен барлық қызмет алушыларға ыңғайлы үнемі жағдай жасау болып табылады.

                                  

Нұрланқызы Салтанат

Жангелдин ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

 

 

 

 

Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмысын жалғастыруда
Дата публикации
02 марта 2023