2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауында кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

БАСПА-РЕЛИЗІ

19 ақпан 2023 жыл                                                                                Миялы ауылы

 Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Парламент Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес 2023жылдың 18 ақпаны, сағат 18.00-де кандидаттарды тіркеу аяқталды.

         Қызылқоға ауданы  бойынша барлығы 37 кандидат ұсынылды, оның ішінде 36 кандидат (97,3%) тіркелді.

         Аудандық мәслихат  депутатын сайлау бойынша бірмандаттық  аумақтық сайлау округтері бойынша 37 кандидат ұсынылды:  16 кандидат (немесе 43,2%) саяси партиялармен («Аманат», ҚХП, «Ауыл») ұсынуымен, 21 (немесе 56,8%) - өзін-өзі ұсынушылар.

        1 кандидат барлық құжаттарды ұсынбауына байланысты тіркеуден бас тартылды.

Тіркеу қорытындысы бойынша аудандық мәслихат депутаттығына 36 кандидат тіркелді (бір мандатқа 3 адамнан келеді). Оның ішінде 20 кандидат (58,3%) өзін-өзі ұсыну тәртібімен, 16 кандидат (41,7%) саяси партиялармен («AMANAT» - 12, ҚХП - 1 «Ауыл» - 3, ).

Тіркелген кандидаттардың  27-і (75,7%) ерлер, 9-ы (24,3%) әйелдер.

Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес кандидаттарды тіркеу туралы мәліметтер БАҚ-та жарияланды және сайлау комиссияларының atyrau.gov.kz интернет ресурсында орналастырылды.

Барлық іс-шаралар сайлау туралы Конституциялық заңға және Күнтізбелік жоспарға сәйкес өтуде.

 Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

тел. 21589

интернет-сайт: atyrau.gov .kz

tic_atr_kzl@saylau.kz

2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауында кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
Дата публикации
20 февраля 2023