«Некеге (ерлі-зайыптылыққа) тұру мерзімі қандай?».
Неке (ерлі-зайыптылықты) қиюды мемлекеттік тіркеу үшін өтініш берушілер жергілікті атқарушы органға немесе ауылдық округтерінің өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы портал арқылы электрондық түрде неке қию туралы өтініш беруге болады.
Неке (ерлі-зайыптылықты) қию туралы өтінішті әрбір өтініш беруші өз қолымен жазбаша түрде толтырады немесе портал арқылы өтініш берген кезде электрондық түрде некеге тұратын адамдар электрондық-цифрлық қолтаңбамен қол қояды.
Бұрын тіркелген некеде (ерлі-зайыптылықта) болған адамдар тіркеуші органға оның тоқтатылғаны туралы белгісі бар алдыңғы неке туралы (тіркелген күні мен орны) мәліметтерді ұсынады.
Некеге (ерлі-зайыптылыққа) тұруға тілек білдірген адам, алдыңғы некесінде (ерлі-зайыпты болуында) оның тоқтатылғаны туралы тиісті белгісі болмаған жағдайда, тіркеуші органға алдыңғы некенің тоқтатылғаны туралы: Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген (шығарылған) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, жұбайының қайтыс болуы туралы акт жазба жөнінде (тіркелген күні мен орны) немесе некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, некені жарамсыз деп тану, ерлі-зайыптылардың бірінің қайтыс болды деп жариялауы немесе хабарсыз кетті деп тануы туралы заңды күшіне енген сот шешімі жөнінде (шешімнің шығарылған күні мен орны, заңды күшіне енген күні) мәліметті хабарлайды.
Неке (ерлі-зайыптылық) некеге тұруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірген тұлғалардың қатысуымен неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы бірлескен өтініші берілгеннен кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептелетін күнтізбелік он бесінші күні тіркеледі. Егер мерзімнің аяқталуы жұмыс күніне тура келмесе, онда одан кейінгі жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып есептеледі.
Некеге тұруға ниет білдірген адамдар неке (ерлі-зайыптылықты) болуды тіркеудің белгіленген күні жеке басты куәландыратын құжатпен немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатпен тіркеуші органға келуі қажет.
Аудандық жұмыспен қамту,
әлеуметтік бағдарламалар және
азаматтық хал актілерін тіркеу
бөлімінің бас маманы С.Жұбаева