Қызылқоға аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі және №10 Өрт сөндіру бөлімі,Сағыз №12 ӨСБ жеке құрамдарымен Миялы, Сағыз ауылының тұрғындармен өрт қауіпсіздігі бойынша үгіт-насихат түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жеке тұрғын үйлердің иелеріне «тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі ережелері»,«тұрмыстық электр құрылғыларын дұрыс қолдану», « Өрт болған кезде Бірыңғай- құтқару қызметінің байланыс нөмері» жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шаралары барысында 152 тұрғын үй араланып, «Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі» тақырыбында 157дана жадынамалар таратылды.
Қызылқоға аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі инженері азаматтық қорғау лейтенанты Ә. Нұрасұл