Туу туралы куәлікті қалай жылдам алуға болады?

Туу туралы куәлікті қалай жылдам алуға болады?

                Баланың тууын мемлекеттік тіркеу үшін ата-аналар немесе басқа да мүдделі тұлғалар бала туған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті кез келген тіркеуші органға немесе Мемлекеттік корпорацияға өтініш берушінің қалауы бойынша жазбаша нысанда не www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталында беруге болады.

         Өлі туған және өмірінің алғашқы аптасында шетінеген жағдайда өтінішті   

медициналық ұйымның жауапты лауазымды адамы бала туылған немесе қайтыс  

болған кезден бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей береді.

         Өлі туған баланы және өмірінің алғашқы аптасында шетінеген баланы мемлекеттік тіркеу тіркеуші органда бала туған немесе шетінеген кезден бастап бес тәуліктен кешіктірілмей жүргізіледі.

         Өлі туған баланың туу туралы куәлігі берілмейді. Өлі туған балаға қатысты өлі туған баланы мемлекеттік тіркеу туралы анықтама беріледі.

         Баланың тууын мемлекеттік тіркеу мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметиті алушының өтінішінсіз көрсетілетін қыземтті берушінің бастамасымен көрсетілетін қызметті берушінің және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының телефон нөмірін www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталында тіркей отырып, проактивті жолмен көрсетуге болады және ол:

  1. көрсетілетін қызметті алушыға тууды мемлекеттік тіркеуді көрсетуге сұраным жасалған автоматты хабарлама жіберуді;
  2. проактивті қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының көмегімен көрсетілетін қызметті алушының келісімін алу, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыдан басқа қажетті, оның ішінде шектеулі қолжетімді мәліметтерді алуды қамтиды.

Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде баланың тууын тіркеу үшін негіз болып табылатын  туу туралы медициналық куәлік немесе туу фактісін анықтау туралы сот шешімі жөнінде, жеке басын куәландыратын құжаттар туралы және неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы (тіркелген неке (ерлі-зайыптылық) болған кезде) мәліметтер көрсетіледі.

Егер балаңыздың туу туралы куәлігін жылдам алғыңыз келсе ұялы байланысының абоненттік құрылғысының телефон нөміріңіз арқылы  www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мәліметтеріңізді жіберсеңіз, жіберген мәліметтеріңіз дұрыс болған жағдайда туу туралы куәлігіңіз 1 күнде дайын болады.

 

Аудандық      жұмыспен    қамту,

әлеуметтік  бағдарламалар және

азаматтық  хал актілерін   тіркеу

бөлімінің     бас                 маманы                                              С.Жұбаева

    

Туу туралы куәлікті қалай жылдам алуға болады?
Дата публикации
17 января 2023