|
|
Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөліміндегі сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
11.01.2023.ж. Миялы ауылы
І.Сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жасаудың обьектісі- «Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
2.Сыбайлас жемқорлық қауіптерінің ішкі талдауы.
Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №124 бұйрығымен бекітілген, бөлім қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа қауіптеріне ішкі талдау жасау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылды.
3.Талдау келесі құрамдағы жұмыс тобымен жүргізілді:
Сапиев Ержан Жолдасұлы - Жұмыс тобының басшысы, бөлімнің сектор меңгерушісі;
Сабекенова Гүлназым Жұмахметқызы - Жұмыс тобының мүшесі, бас маман;
А.Әнуарбеков - «АДА-Байдар» қоғамдық қорының төрағасы, сарапшы
4.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу кезеңі: 2022 жылдың қорытындысы бойынша.
5.Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
1)Бөлімнің қызметін реттейтін заңнамалардағы сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау;
2)персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелер бойынша талдау обьектісі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау;
1)Бөлімнің қызметін реттейтін заңнамалардағы сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың жұмыс тобы бөлімнің өз қызметінде басшылыққа алатын Кодекстер, Заңдар, нормативтік- құқықтық актілер, басқа да құқықтық актілерді қарастырды.
Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға мүмкіндік туғызатын дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ.
2) Персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелер бойынша талдау обьектісі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау:
1)Бөлім Қызылқоға ауданы әкімдігінің бөлімшесі болып табылып, дербес бөлім ретінде жергілікті атқарушы органдарының бiртұтас жүйесiне кiредi, атқарушы билiктің жалпы мемлекеттiк саясатын тиістi саланы дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен үйлестіре жүргізуді қамтамасыз етеді.
Бөлімде мемлекеттік қызметшілер саны - 6 мемлекеттік қызметкер (бөлім басшысы және сектор меңгерушісі, 4 бас маман) мен 3 штаттан тыс қызметкер (статистикалық есепке алу, хатшы және автокөлік жүргізушісі) барлығы 9 қызметкер жұмыс істейді.
2022 жылдың қорытындысы бойынша бөлімде қабылданған құқықтық акті саны: барлығы –124 бұйрық берілген.
2) Мүдделер қақтығысы жоқ.
3) Кадрлық тағайындауларға үнемі талдау жүргізіледі.
Бөлімдегі мемлекеттік қызмет атқаратын тұлғалар мен олардың жұбайларының табыстары мен мүліктері туралы декларацияларының уақытылы тапсырылуы қамтамасыз етілген. Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасына, аудан әкімі аппаратына есеп тапсырылды. Сонымен бірге, бөлімде «сенім телефоны» (87123821202) жұмыс жасайды.
Бөлімде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің (Мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этика ережелері) талаптарын қатаң сақталуы үнемі бақыланып, осы талаптарды қатаң сақтау сезімін тәрбиелеу үшін қызметкерлер арасында жауапкершіліктері таныстырылып, телефонмен сөйлесу, жұмыс орнында және қоғамдық орындарда және мемлекеттік қызметшілерге теңестірілген басшылардың әдеп нормаларына нұқсан келтіретін материалдарды әлеуметтік желілеріне (facebook, instagram) жарияламау және сол сияқты бұзушылықтарды алға қарай болдырмауды қамтамасыз ету мемлекет қызмет имиджіне кері әсер ететін әрекеттерден сақтандыру түсінік жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
Бөлімде мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының нормалары мүлтіксіз сақтау міндеттелген. Бөлімдегі материалдық құндылықтарын өз деңгейінде сақтау, бухгалтериялық шаруашылық есепті стандарттарға сәйкес жүргізу мен мемлекеттік сатып алу заңнамаларының өзгерістерімен таныстырып отыру мақсатында олардың білімін жетілдіру, тәжірибелер алмасу мақсатында тұрақты білімін жетілдіру дәстүрге айналып отыр.
Бюджетті жоспарлау:
Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 16 қарашадағы "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заңының17-бабы 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1271 "Ашық бюджеттер интернет-порталында ақпарат орналастыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес жергілікті мемлекеттік органдардың бюджеттік есептіліктерін, шоғырландырылған қаржы есептілікті, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың нәтижелерін орналастыратын, сондай-ақ бюджеттік бағдарламаның жобаларын және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді көпшілікпен талқылауды өткізетін «Ашық бюджеттер» порталына budget.egov.kz орналастырылды.
Бюджет қаржысын игеру:
Бөлімге бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, Заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланады. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.
Бөлімде негізгі қызметін жүргізу мақсатында есепті мерзімде 43 мемлекеттік сатып алу жұмысы Заңға сәйкес өткізілді.
Коммуналдық меншікті басқару:
Коммуналдық мүлікті сату, жалға және сенімгерлік басқаруға беру функциялары бойынша қызметтері автоматтандырылған. Қазіргі таңда, мүлікті сату, жалға және сенімгерлік басқаруға беру, тізілімнің веб-порталы www.gosreestr.kz сайты арқылы жүзеге асырылады. Мүлікті сату туралы ақпараттық хабарламалар мерзімді тізілімнің веб-порталында жарияланады. www.gosreestr.kz сайты арқылы сатып алушыны айқындайды және онымен сатып-алу шартын жасақтайды.
Аудандық экономика және қаржы бөлімі бойынша 1 мемлекеттік қызмет көрсетеді:
2022 жылдың қорытындысы бойынша 29 маманға мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде 12 маманның өтініштері қанағаттандырылмады. 7 маманға тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несие және 14 маман көтерме жәрдем ақымен қамтамассыз етілді.
"Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, аулдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметкерлеріне әлеуметік қолдау шараларын көрсету" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына сай, құжаттар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы қабылдануда.
ІІІ. Қорытынды:
«Атырау облысы Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсынылды:
|
|
Сапиев Ержан Жолдасұлы- Жұмыс тобының басшысы, бөлімнің сектор меңгерушісі; Сабекенова Гүлназым Жұмахметқызы- Жұмыс тобының мүшесі, бас маман; А.Әнуарбеков - «АДА-Байдар» қоғамдық қорының төрағасы, сарапшы
|