Қызылқоға аудандық мәслихаты депутаттарының есіне!

  

Қызылқоға аудандық мәслихаты депутаттарының есіне!

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, аудандық мәслихат хатшысы 2023 жылғы 16 қаңтар күні сағат 1000-де аудан  әкімдігінің кіші мәжіліс залында VІІ шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 30-шы сессиясын шақыру туралы шешім қабылдады. 

 

         Сессияның қарауына ұсынылатын мәселелер:

  1. Қызылқоға аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы
  2. Қызылқоға аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы
  3. Қызылқоға аудандық учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерін қызметінен босату туралы
  4. Қызылқоға ауданының учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы
  5. Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 9 қаңтардағы №3 Қаулысын бекіту туралы.

Басқа да мәселелер.

 

Қызылқоға аудандық мәслихаты

Қызылқоға аудандық мәслихаты депутаттарының есіне!
Дата публикации
12 января 2023