Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің басшыларының назарына!

Саяси партиялар мен қоғамдық

бірлестіктердің басшыларының назарына!

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабы 3-тармағына сай, Қызылқоға аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша тиісті бір мандаттық аумақтық сайлау округтерінде жаңадан құрылған 12 округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау жоспарланып отыр.

Округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері:

  1. №1 сайлау округі (№143, №145 с/у) – Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Х.Досмұхамедов, 1, «Арман» мәдениет үйі КМҚК ғимараты;
  2. №2 сайлау округі (№144 сайлау учаскесі) – Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, А.Құнанбаев, 48, «Жастар ресурстық орталығы» КММ ғимараты;
  3. №3 сайлау округі (№146 с/у), №4 сайлау округі (147 с/у), №5 сайлау округі (№148 с/у), №6 сайлау округі (№149 с/у), №7 сайлау округі (№151 с/у), №8 сайлау округі (№153 с/у), №9 сайлау округі (№154 с/у), №12 сайлау округі (№159, №160, №161, №163, №164 с/у) – Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, А.Құнанбаев, 4, «Қызылқоға ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің ғимараты;
  4. №10 сайлау округі (№155 с/у) – Қызылқоға ауданы, Сағыз ауылы, С.Бейбарыс, 32, «ҚТЖ-жүк тасымалы» ЖШС-нің «ЖТ Атырау бөлімшесі» филиалының Сағыз станция ғимараты;
  5. №11 сайлау округі (№156, №157, №158 с/у) – Қызылқоға ауданы, Сағыз ауылы, Т.Мұқанғалиев, 6г, «Қызылқоға аграрлы-техникалық колледжі» КМҚК ғимараты.

Осыған орай, кандидаттар туралы ұсыныстар 2022 жылдың 31 желтоқсаны - 2023 жылдың 14 қаңтары аралығында аудандық мәслихатқа мына мекен-жайға ұсынылуы керек:

Миялы ауылы, Абай Құнанбаев көшесі - 4, 1 қатар

Құжаттарды жинауға жауапты тұлғаның аты-жөні:

Ермұқамбет Гүлзада Ермұқамбетқызы.

Байланыс телефоны: 8/71238/ 2-14-10

Электронды поштаның мекен-жайы: maslikhat-k@mail.ru

Құжаттарды қабылдау уақыты: сенбі, жексенбі күндерінен басқа күндері сағат 9.00-дан  18.00-ге дейін.

Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелігіне ұсынылған кандидаттар тізімін Қызылқоға аудандық мәслихатының хатшысы Альберт Өтегенұлы Аққайнановтың атына жолдайды. Оған:  

  • саяси партияның немесе басқа да қоғамдық бірлестіктің, олардың Жарғыға сай тиісті өкілеттігі бар құрылымдық бөлімшелерінің отырыстарының аудандық аумақтық сайлау комиссиясына кандидат ұсыну туралы қаулыларынан көшірмелер;
  • саяси партияның немесе басқа да қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің Әділет органдарында тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі;
  • кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім бергендігі туралы тиісті мәслихатқа өтініші қоса тіркеледі;
  • кандидаттың жеке куәлігінің көшірмесі.

 

                                  Қызылқоға аудандық мәслихаты

Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің басшыларының назарына!
Дата публикации
29 декабря 2022