Қызылқоға аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы

 

Қызылқоға аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялықзаңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес және Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы                 28 желтоқсандағы № 22 «Қызылқоға аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» қаулысына сәйкес Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қызылқоға аудандық мәслихаттың депутаттарды сайлау бойынша тиісті бірмандатық аумақтық сайлау округтерінде 12 округтік сайлау комиссиялары құрылсын.
  2. №3, №4, №5, №6, №7, №8, №9, №12 бірмандатық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының өкілеттіктерін тиісті аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады деп айқындалсын.
  3. Қызылқоға аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру үшін осы қаулы Қызылқоға аудандық мәслихатына жіберілсін.
  4. Осы қаулы Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық газете орналастырылсын.
  5. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қызылқоға аудандықаумақтық

сайлаукомиссиясының төрағасы                                           М. Муканов

 

Қызылқоға аудандықаумақтық

сайлаукомиссиясыныңхатшысы                                          А. Имашев

 

 

Миялы ауылы

2022  жылғы 29 желтоқсан

№23

 

 

 

 

 

 

 

Қызылқоға аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы
Дата публикации
29 декабря 2022