Сыбайлас жемқорлыққа – жол жоқ!

Сыбайлас жемқорлыққа – жол жоқ!

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір –біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай- қайсысында қатты алаңдататыны анық. Сыбайлас жемқорлық барлық мемлекеттер мен халықтарға тән және терең ғасырлық тамыры бар.

            Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрбір азаматтың міндеті. Сыбайлас жемқорлықтың үлкен кемшілігі, ол мемлекеттің экономикалық салаға зиян тигізіп, елдің және оның әрбір азаматының жалпы әл-ауқатын төмендетеді. Бұған қоса, мұның бәрі халықтың үкіметке сенімін жоғалутына қауіп төндіреді.

            Сыбайлас жемқорлықпен күресу керек. Бұл туралы қарапайым азаматтарға түсінікті Қазақстан үкіметі мәлімдеді. Барлық құрылымдарда және үкімет барлық деңгейлерінде бірыңғай, күшті және дәйекті сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тек оң нәтиже бере алады.

Бас маман Д.Әнетова

Қызылқоға ауылдық округі әкімі аппараты

 

           

Сыбайлас жемқорлыққа – жол жоқ!
Дата публикации
15 сентября 2022