Жер алудың тәртібі

Жер алудың тәртібі

 

«Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына сай, жер учаскесін алу үшін кезекке қою электрондық және қағаз түрінде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі  12 (он екі ) жұмыс күнді құрайды. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою үшін төмендегідей құжаттар тапсырады.

  1. Жер учаскесін алу үшін кезекке қоюға өтініш;
  2. Жеке басын куәландыратын құжат.

Жер учаскесін алу үшін кезекке қою өтінішті жергілікті округ әкіміне жазады.Өтініш білдірген жеке тұлғалар жеке тұрғын үй құрылысының жер кезегін жеке сәйкестендіру  нөмерімен (жсн) zher.atyrau.gov.kz  сайты арқылы  жер кезегін қарай алады.

 

Қызылқоға аудандық жер қатынастары,

сәулет және қала құрылысы бөлімінің

бас маманы Ж.Махметова

Жер алудың тәртібі
Дата публикации
03 февраля 2022