Мемлекеттік қызмет
ТРАКТОРДЫ ТІРКЕУ ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ?
Ауыл шаруашылығы саласы ел экономикасының қозғаушы күштерінің бірі екені мәлім. Соның ішінде агробизнес пен мал шаруашылығы тікелей техниканың көмегімен дамитын салалар. Осы орайда, ауданымыздың шаруагерлерінің назарына«Тракторларды тіркеу қалай жүзеге асады?» деген сұрақтарына тоқталғанды жөн көрдік.
Құжаттарды қабылдау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы – 3 жұмыс күні ішінде, сонымен қатар «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 1 жұмыс күні күн ішінде жүзеге асырылады.Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде заңды және жеке тұлғаларға көрсетіледі.Аталмыш қызметті көрсеткені үшін көрсетілетін қызметті алушы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен бюджетке мемлекеттік баж төлейді. Мемлекеттік баж мөлшерімашинаға техникалық паспорт бергені үшін – 50 пайыз, тіркеу (қайта тіркеу) үшін – 25 пайыз, машинаға мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін бергені үшін – 100 пайыз.Мемлекеттік қызметті алу үшін сіз қызмет көрсетуші болып табылатын ауыл шаруашылығы бөліміне немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылысұратылған құжаттар топтамасын тапсыруыңыз қажет.Тіркеу үшін алдымен электронды цифрлық қолтаңба порталға тіркеліп, өтініштолтырып,сұратылған құжаттар топтамасын сканерлеу арқылы көшірмелерін енгізу қажет.
Жоғарыда көрсетілген мөлшерде көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін немесе мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін алымдар, машинаның тiркеу құжаты және нөмiрлiк белгiсi үшiн мемлекеттiк баждың төленгенін растайтын түбіртек енгізіледі.Техника иелерінің назарына ауыл шаруашылығы техникаларын түгендеп, есебін жүргізу мақсатында пайдаланылмай, тозығы жеткен трактор немесе трактор тіркемелерін, сонымен қатар, тіркелмеген ауыл шаруашылығы техникалары болса бөлімге хабарласуларыңыз сұралады. Сондай-ақ, ескі ауыл шаруашылығы техникаларын пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, тиісті нұсқаулықтарды орындауға шақырамыз.
Қазбек АЙЫПҚАЛИЕВ,
аудандық ауыл шаруашылығы және
жер қатынастары бөлімінің бас маманы.