Азаматтық хал актілеріне өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу тәртібі

Азаматтық хал актілеріне өзгерістер, толықтырулар мен

түзетулер енгізу тәртібі

 

            Азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін көрсетілетін қызметті алушы кез келген тіркеуші органға немесе портал арқылы электрондық түрде  неке қию, некені бұзу, қайтыс болу туралы мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш береді.

         Азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу:

         -баланың тегі ата-анасының жалпы тегіне немесе ата-анасының біреуінің тегіне өзгерткен кезде;

         -некені (ерлі-зайыптылықты) қиюға немесе бұзуға немесе некені (ерлі-зайыптылықты)  жарамсыз деп тануға байланысты жұбайының (зайыбының) тегі өзгерген кезде;

         -ата-анасының арасындағы некені  (ерлі-зайыптылықты) тоқтатуға немесе некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тануға байланыстыкәмелетке толмаған баланың аты, тегі,  әкесінің аты өзгерген кезде;

         -дәрігерлік-біліктілік комиссиясының қорытындысына сәйкес баланың жынысы өзгерген кезде;

         -некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрмаған анасының баланың туу туралы акт жазбасына баланың әкесі туралы мәліметтерді енгізу, сондай-ақ оның өтініші бойынша көрсетілген баланың атын өзгерту, әкесі туралы мәліметтерді өзгерту, толықтыру және алып тастау туралы өтініші келіп түскен кезде;

         -бала асырап алудың күшін жою енмесе жарамсыз деп тану туралы сот шешіміне байланысты;

         - туу  туралы  акт  жазбасынан  баланы  әкесі  немесе  анасы  туралы мәліметтерді алып тастау туралы сот шешіміне байланысты;

- атын,  әкесінің  атын  (егер  жеке  басын  куәландыратын  құжаттарда көрсетілсе), тегін ауыстырған кезде;

-  ата-анасының  тегі  мен  әкесінің  атын  ауыстыруына  байланысты кәмелетке толмаған баланы  әкесінің аты мен тегі  өзгерген кезде;

- азаматтық  хал  актiлерi  жазбаларындағы  қате  мәліметтер  сот  тәртiбiмен анықталғанда;

- әке болуды белгілеу туралы сот шешiмi күшiн жойғанда;

-  егер  баланың  туғанын  тiркеу  кезiнде  оған  тегi  немесе  есімі  ата- анасының,  немесе  ата-анасының  біреуінің  тiлегiн  ескермей  берiлсе  (дау болмаған жағдайда);

- егер  туу  туралы  акт  жазбасында  баланы  аты  толық  көрсетiлмесе  (кiшiрейтiлiп, еркелетiп,  қысқартылып көрсетiлсе);

- жынысының  өзгеруіне  байланысты  атын,  әкесінің  атын  (егер  жеке басын куәландыратын  құжаттарда көрсетілсе), тегін ауыстырған кезде;

-тегі  ұлттық дәстүрлер бойынша  әкесінің немесе атасының атынан шыққан тегіне  өзгерген кезде;

-  ұлты, азаматтығы  өзгерген кезде;

- егер азаматтық хал актісі жазбасында ата-анасының аты,  әкесінің аты,тегі немесе  ұлты көрсетілмесе;

-  егер  азаматтық  хал  актілері  жазбасында  дұрыс  емес  мәліметтер көрсетілсе;

- егер баланың мүдделерінен туындаған кезде, баланы туу туралы акт жазбасында көрсетiлгеннен  өзге есімі болса;

- егер  азаматтық  хал  актілерін  тіркеу  кезінде  қателер  (бұрмалаулар, мәліметтерді немесе жеке сөздерді жіберу) жіберілсе;

-  егер  неке  қиылғаннан  (ерлі-зайыпты  болған)  кейін  жұбайының

(зайыбының ) тегін алса, туу туралы акт жазбасында  әкесінің атын толықтыру және  әкесінің аты бойынша берілген тегін  өзгерту, түзету  қажет болса;

-  қазақ тіліне тән емес аффикстерді алып тастай отырып, атын,  әкесінің атын  және  тегін  дұрыс  жазу  бойынша  өзгерістер  тілек  білдірген  кезде жүргiзiледi.

Баланың  тууын  тiркегенде  балаға  ата-аналарының  тiлектерi ескерiлмей тегi немесе аты берiлуiне байланысты, сондай-ақ егер баланың  оның тууы туралы акт жазбасында көрсетiлген нақты атынан басқа аты болса, ата- аналардың баланың тегiн не атын  өзгерту туралы  өтiнiштерiн тіркеуші органдар бала он алты жасқа толғанға дейiн  қабылдайды.

 

 

С.Жұбаева, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар  және  азаматтық      хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы                                         

 

Азаматтық хал актілеріне өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу тәртібі
Дата публикации
09 ноября 2022