«Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы
Акт
«Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі аудан әкімдігінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы №14 қаулысымен алынған Ереженің негізінде жұмыс атқарады.
«Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі, әкімі Жақсиев Азамат Қонысұлы.
Жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жүргізді:
1) бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;
2) бөлімшеге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;
3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;
4) бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
5) прокурорлық қадағалау актiлерi;
6) ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен жол берілген өзге де мәліметтер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ақпарат көздері болып табылады.
«Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметінде ағымдағы жыл ішінде кадрлардың ауысуы орын алды.
28.07.2022 жылы округ әкімінің №139-ө өкімімен округ әкімі аппаратының бас маманы Р.Нурлыбаеваға 2022 жылдың 8 тамызынан бастап 2022 жылдың 7 қыркүйек аралығына кезекті еңбек демалысы берілді.
29.07.2022 жылы округ әкімінің №141-ө өкімімен округ әкімі аппаратының шаруашылық меңгерушісі М.Сапаргалиевтың 2022 жылдың 3 тамызынан бастап 26 тамыз аралығында кезекті еңбек демалысына жіберілді.
01.08.2022 жылғы округ әкімінің №142-ө өкімімен округ әкімі аппаратына аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Н.Бекешовтің №438-439 жолдамасына сәйкес, А.Мустафиева- А.Орынбасаров жұмысшы болып жұмысқа орналасты.
24.08.2022 жылы округ әкімінің №154-ө өкімімен округ әкімі аппаратының бас маманы Н.Өтесінова өз өтініші бойынша атқаратын лауазымынан босатылсын.
08.09.2022 жылы аудан әкімінің №218-ө өкімімен округ әкімі М.Есқалиев өз өтініші бойынша атқаратын лауазымынан босатылсын.
06.10.2022 жылы округ әкімінің №184-ө өкімімен округ әкімі аппаратының бас маманы М.Қондыбай 2022 жылдың 18 қазанынан бастап, 2025 жылдың 18 тамызы аралығында бала күтіміне байланысты демалыс күндері берілсін.
10.10.2022 жылы аудан әкімінің №96-ө өкімімен Жақсиев Азамат Қонысұлы округ әкімі лауазымына тағайындалды.
МҚКК «Мұқыр ауылдық клубының» мекемесіндегі штат саны 3,5. Атап айтқанда мекеме директоры-1, мәдени жұмысты ұйымдастырушы-1 адам, көркемдік жетекші-1 адам(0,5), 1 техникалық қызметкер – 1 (0,5), есепші – 1 (0,5) қызмет етеді.
05.07.2022 жылы округ әкімінің №124-ө өкімімен «Мұқыр ауылдық клубының» МКҚ директоры А.Есенғалиға 2022жылдың 07 шілдесінен бастап 2022 жылдың 05 тамыз аралығына кезекті еңбек демалысы берілді.
01.08.2022 жылғы клуб директорының №7 бұйрығымен аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Н.Бекешовтің №431 жолдамасына сәйкес, А.Орынбасарова жұмысшы болып жұмысқа орналасты.
09.08.2022 жылғы клуб директорының №8 бұйрығымен мәдени жұмысты ұйымдастырушы Б.Досбосыновқа кезекті еңбек демалысы берілді.
16.08.2022 жылғы клуб директорының №9 бұйрығымен Сұлтанова Альбина 3ай мерзімге өзара келісім шарт арқылы көркемдік жетекші болып жұмысқа алынды.
1) Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарына, Үкімет қаулыларына, жоғары тұрған өкілетті және атқарушы органдардың, облыс, аудан, ауылдық округ әкімдерінің нормативтік құқықтық актілерін орындау мақсатында жұмысты ұйымдастыру;
2) ауылдық округ әкімінің құқықтық актілер жобасын әзірлеу;
3) Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін, арыздарын және шағымдарын тіркеу және қарау;
4) «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі әкімші болатын бюджеттік бағдарламалар жобаларын әзірлеу;
5) әскери міндетті тұлғаларды, әскери учаскіге тіркелуге және шұғыл әскери қызметке шақырылуға жататын тұлғаларды есепке алу, ауылдық округ әкімі құзыреті шегінде әскери міндет және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ, мобильді дайындық және мобилизация мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру;
6) аз қамтылған тұлғаларды анықтау, жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, жалғыз басты қарттар және еңбекке жарамсыз адамдарға үйде көмек көрсету бойынша жоғары тұрған органдарға ұсыныстарды енгізу бойынша жұмысты ұйымдастыру;
8) шаруашылық есепке алуды жүзеге асыру;
9) ауылдық округ аумағында орналасқан мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ұйымдары, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз ету;
10) ауылдық округ аумағында ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ауыл шаруашылық малдарды сәйкестендіру жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ, ауылдық округ әкімі құзыреті шегінде ветеринарлық алдын алу іс-шараларын өткізу;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік қызметтерді көрсету;
12) «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру;
13) ауылдық округ аумағындағы маңызды мәселелерді шешу үшін ауылдық округ аумағында орналасқан елді мекендер тұрғындарының жиынын өткізеді. Жиындарда әкім төрағалық етеді, олардың шешімдеріне қол қояды және орындалуын қамтамасыз етеді;
14) жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізуін ұйымдастыру көрсетілген.
- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі;
-Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Әдеп кодексі;- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы; Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 20 желтоқсандағы №83-VII «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңы;- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;-
Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 83-VII «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;
9.«Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық -басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталмады.
10.«Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне, ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталмады.
Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшік мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, арнайы журнал ашылған , 61-5-49 сенім телефондары жария етілген.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
ішкі талдау жүргізген жұмыс тобының басшысы
_____________________А.Қ.Жақсиев
«____» _______________ 2022 жыл
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
ішкі талдау жүргізген жұмыс тобының мүшесі
_____________________Р.Е.Нұрлыбаева
«____» _______________ 2022 жыл
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
ішкі талдау жүргізген жұмыс тобының мүшесі
_____________________ Ж.Ж. Сарбаева
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
ішкі талдау жүргізген жұмыс тобының мүшесі
_____________________ Н.Масатұлы
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
ішкі талдау жүргізген жұмыс тобының мүшесі
_____________________ Л.С.Аталикова