Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылдық округі әкімі сайлауының қорытынды хабары
2022 жылғы 9 қазанда Қызылқоға ауданының Мұқыр ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Қызылқоға ауданыны Мұқыр ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Мұқыр сайлау округі
Мұқыр ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2600 азамат енгізілді, олардың 2144 – і (82,46 % )дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 31, "барлығына қарсы" – 29.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Жаксиев А.К. – 1559; Қазыбеков Қ.А.– 205; Нигметов Д.Т. – 320.
Мұқыр ауылдық округінің әкімі болып Жаксиев Азамат Конысович сайланды, 1989 жылы туған, Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, Миялы ауылдық округі, Миялы ауылының тұрғыны, өзін – өзі ұсынушы.
Қызылқоға аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы