«Атырау облысы Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен «Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің арасындағы кадрлық саясатта меритократия қағидаларын бекіту жөніндегі №1 негіздемелік келісіміне сәйкес «Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қызылқоға ауылдық округі жастар жетекшісі қызметіне конкурс жариялайды.
Еңбек өтіліне байланысты жалақысы:
Конкурс өткізу мерзімі: «Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімінің
Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы хабарландыру жарияланғаннан кейін 15 күн өткен соң белгілейді.
Конкурс өткізілетін орны: Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, А.Құнанбаев к-сі №48. телефон: 8(71238) 2-11-16
Мекеменің мекен-жайы: Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, А.Құнанбаев көшесі, №48
Жастар жетекшісі лауазымына үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:
Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, педагогикалық білім, гуманитралық ғылымдар, техникалық ғылымдар және технология мамандықтары бойынша жоғары кәсіптік білім, арнаулы орта білім.
Кәсіби білім мен дағдысы:
- жоғарғы тұрған органдардың шешімдерін, өкімдерін, тапсырмаларын есепке алып, бақылауда тұрған құжаттарды уақытында орындалуын қамтамасыз етеді, орталықтың іс-қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізеді;
- психологтың жұмысын үйлестіру, дарынды жастар арасында өткізілетін байқаулар мен іс-шараларды ұйымдастырады;
- салауатты өмір салтын насихаттау, үгіттеу жұмысына байланысты денсаулық сақтау мекемелерімен, жоғары және орта оқу орындарымен бірлестікті қамтамасыз етеді, осыған байланысты акциялар ұйымдастырады;
- жастардың бос уақытын тиімді пайдалануды, оларға медициналық және психологиялық көмек көрсетуді, шығармашылық, интеллектуалдық мүмкіншіліктерді жүзеге асыру мәселері бойынша семинарлар, «дөңгелек үстелдер» және т.б. іс-шаралардың құжаттарын және өткізілген іс-шаралар бойынша хаттамалар дайындайды;
- округ әкімдері, орталық басшысының тапсырмаларын орындайды;
- мүгедек жастарды қоғамдық өмірге тартуда жұмыстар жүргізеді;
Кәсіби құзырлығы: Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР «Еңбек Кодексі», «Мемлекеттік жастар саясаты туралы», "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Құқықтық актілер туралы" Заңдарды, Қазақстан Республикасының тіл туралы және салауатты өмір салтына байланысты Заңдарды, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын, сондай-ақ функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде мемлекеттік тілді және компьютерде жұмыс жасай (Е-mail, интернет) білуі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде комиссияға мынандай құжаттарды ұсынуы тиіс:
Ұсынылған құжаттардың көшірмесі нотариалды куәландырылған болуы тиіс.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнынан ұсынымдар) бере алады.
Конкурсқа мынадай тұлғалар қатыса алмайды:
Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді беру мерзімі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін аяқталады.
Құжаттар мына мекен-жайға жіберілуі тиіс: Атырау облысы, Қызылқоға
ауданы, Миялы ауылы, А.Құнанбаев көшесі, №48 «Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.