Хабарлама

                                                       Хабарлама

 

2022 жылғы 7 тамызда Қызылқоға ауданының екі ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтті.

Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Қызылқоға ауданының ауылдық округтерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

Жамбыл сайлау округі

Жамбыл ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

 

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 945 азамат енгізілді, олардың 683-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 4, "барлығына қарсы" -7.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Актаев А.Ж. – 131; Аронов О.Г.– 465; Шаймарданов Ә.Ш.-76.

Жамбыл ауылдық округінің әкімі болып Аронов Оспан Гумарович  сайланды, 1966 жылы туған, Қаракөл орта мектебі директорының орынбасары, Жамбыл ауылдық округі, Каракөл ауылының тұрғыны, "Amanat" партиясы ұсынған.

 

Көздіғара сайлау округі

Көздіғара ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

 

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1058 азамат енгізілді, олардың 732-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 6, "барлығына қарсы" - 18.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Борангалиев М.Б. - 137; Изимов Е.К. -479. Сапиев Е.Ж. – 92;

Көздіғара ауылдық округінің әкімі болып Изимов Ернар Кадирович сайланды, 1984 жылы туған, Көздіғара ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Көздігара ауылдық округінің Қоныстану ауылының тұрғыны, "Amanat" партиясы ұсынған.

 

 

 

Қызылқоға аудандық аумақтық

сайлау комиссиясы

 

Хабарлама
Дата публикации
08 августа 2022