«Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі аудан әкімдігінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы №14 қаулысымен алынған Ереженің негізінде жұмыс атқарады.
«Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі, әкімі Есқалиев Мереке Василийұлы .
Жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жүргізді:
1) бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;
2) бөлімшеге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;
3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;
4) бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
5) прокурорлық қадағалау актiлерi;
6) ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен жол берілген өзге де мәліметтер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ақпарат көздері болып табылады.
«Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметінде ағымдағы жыл ішінде кадрлардың ауысуы орын алды.
01.03.2022 жылы округ әкімінің №44-ө өкімімен округ әкімі аппаратының электр жөндеушісі М.Аманов өз өтініші бойынша атқаратын лауазымынан босатылсын.
11.03.2022 жылы округ әкімінің №49-ө өкімімен 2022 жылдың 11 наурызынан бастап 2022 жылдың 8 маусымы аралығында Н.Масатұлы арнайы тексерудің нәтижелерін алған күнге дейін округ әкімі аппаратының бас маманының (уақытша 03.01.2025 жылға дейін, бала күтіміндегі негізгі қызметкердің орыны) міндетін уақытша атқару үшін қабылдансын.
16.03.2022 жылы округ әкімінің №53-ө өкімімен 2022 жылдың 16 наурызынан бастап 0,5 штат бірлігімен округ әкімі аппаратының электр жөндеушісі қызметіне Ә.Аманғалиев жұмысқа алынсын.
15.04.2022 жылы округ әкімінің №75-ө өкімімен жеке еңбек шартымен маусымдық отжағушы қызметіне аудандық жұмыспен қамту орталығының жолдамалары арқылы алынған А.Есенқұлова, Қ.Құттыбаев, Е.Камзин, Б.Көбешов, Ж.Сартов, Ж.Намазбаев, Н.Намазбаева жеке еңбек шарт мерзімінің аяқталуына байланысты от жағу қызметінен босатылсын.
11.05.2022 жылы округ әкімінің №96-ө өкімімен Аталикова Ләззат округ әкімі аппаратының бас маман-есепшісі лауазымына тағайындалды.
31.05.2022 жылы округ әкімінің №105-ө өкімімен округ әкімі аппаратының іс жүргізушісі К.Құттыбаева 2022 жылдың 13 маусымынан бастап 7 шілде аралығында кезекті еңбек демалысына жіберілді.
06.06.2022 жылы округ әкімінің №108-ө өкімімен округ әкімі аппаратының бас маманы Н.Өтесіноваға 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап 2022 жылдың 31 шілдесі аралығына кезекті еңбек демалысы берілді
16.06.2022 жылы округ әкімінің №111-ө өкімімен Масатұлы Нұрболат округ әкімі аппаратының бас маманы (уақытша 03.01.2025 жылға дейін, бала күтімі демалысындағы негізгі қызметкердің орны) лауазымына тағайындалды.
20.06.2022 жылы округ әкімінің №113-ө өкімімен өзіне жүктелген міндеттерді орындамағаны және тиісінше орындамағаны үшін МКҚК «Мұқыр ауылдық клубының» директоры А.Есенғалиға ескерту берілсін.
29.06.2022 жылы округ әкімінің № 120-ө өкімімен округ әкім аппаратының бас маманы М.Кондыбай декреттік демалысқа шықты.
30.06.2022 жылы округ әкімінің №121-ө өкімімен өзіне жүктелген міндеттерді орындамағаны және тиісінше орындамағаны үшін МКҚК «Мұқыр ауылдық клубының» директоры А.Есенғалиға қатаң сөгіс берілсін.
05.07.2022 жылы округ әкімінің №124-ө өкімімен МКҚК «Мұқыр ауылдық клубының» директоры А.Есенғалиға 2022 жылдың 7 шілдесінен бастап 2022 жылдың 5 тамыз аралығына кезекті еңбек демалысы берілді.
МҚКК «Мұқыр ауылдық клубының» мекемесіндегі штат саны 3,5. Атап айтқанда мекеме директоры-1, мәдени жұмысты ұйымдастырушы -1 адам, көркемдік жетекші-1 адам(0,5), 1 техникалық қызметкер – 1 (0,5), есепші – 1 (0,5) қызмет етеді.
01.07.2022 жылғы клуб директорының №6 бұйрығымен аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Н.Бекешовтің 01.07.2022 жылғы №430 жолдамасына сәйкес, К.Нуркашова жұмысшы болып жұмысқа орналасты.
1) Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарына, Үкімет қаулыларына, жоғары тұрған өкілетті және атқарушы органдардың, облыс, аудан, ауылдық округ әкімдерінің нормативтік құқықтық актілерін орындау мақсатында жұмысты ұйымдастыру;
2) ауылдық округ әкімінің құқықтық актілер жобасын әзірлеу;
3) Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін, арыздарын және шағымдарын тіркеу және қарау;
4) «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі әкімші болатын бюджеттік бағдарламалар жобаларын әзірлеу;
5) әскери міндетті тұлғаларды, әскери учаскіге тіркелуге және шұғыл әскери қызметке шақырылуға жататын тұлғаларды есепке алу, ауылдық округ әкімі құзыреті шегінде әскери міндет және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ, мобильді дайындық және мобилизация мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру;
6) аз қамтылған тұлғаларды анықтау, жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, жалғыз басты қарттар және еңбекке жарамсыз адамдарға үйде көмек көрсету бойынша жоғары тұрған органдарға ұсыныстарды енгізу бойынша жұмысты ұйымдастыру;
8) шаруашылық есепке алуды жүзеге асыру;
9) ауылдық округ аумағында орналасқан мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ұйымдары, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз ету;
10) ауылдық округ аумағында ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ауыл шаруашылық малдарды сәйкестендіру жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ, ауылдық округ әкімі құзыреті шегінде ветеринарлық алдын алу іс-шараларын өткізу;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік қызметтерді көрсету;
12) «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру;
13) ауылдық округ аумағындағы маңызды мәселелерді шешу үшін ауылдық округ аумағында орналасқан елді мекендер тұрғындарының жиынын өткізеді. Жиындарда әкім төрағалық етеді, олардың шешімдеріне қол қояды және орындалуын қамтамасыз етеді;
14) жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізуін ұйымдастыру көрсетілген.
- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі;
-Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Әдеп кодексі;- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы; Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 20 желтоқсандағы №83-VII «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңы;- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;-
Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 83-VII «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;
9.«Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық -басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталмады.
10.«Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне, ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталмады.
Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшік мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, арнайы журнал ашылған , 61-5-49 сенім телефондары жария етілген.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
ішкі талдау жүргізген жұмыс тобының басшысы
_____________________Р.Е.Нұрлыбаева
«____» _______________ 2022 жыл
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
ішкі талдау жүргізген жұмыс тобының мүшесі
_____________________ Ж.Ж. Сарбаева
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
ішкі талдау жүргізген жұмыс тобының мүшесі
_____________________ Н.Масатұлы
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
ішкі талдау жүргізген жұмыс тобының мүшесі
_____________________ Л.С.Аталикова