«Бекітемін» Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы_______________А.Жақсиев «_____» _________________ 2022 жыл
Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 2022 жылдың наурыз-маусым айларына ішкі талдау жүргізу туралы анықтама
Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының 2022 жылғы 18 шілде №48 бұйрығымен бекітілген, бөлім қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жасау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылды.
Жұмыс тобының басшысы:
Маратова Гулжихан - жұмыс тобының басшысы, бөлімнің бас маманы;
Амантай Ризабек Амантайұлы - жұмыс тобының мүшесі, бөлім хатшысы;
Ғұбайдуллин Дулат Берікұлы - «Қызылқоға» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы, сарапшы.
1) Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелер бойынша талдау обьектісі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау.
1) Бөлімнің қызметін реттейтін заңнамалардағы сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың жұмыс тобы бөлімнің өз қызметінде басшылыққа алатын Кодекстер, Заңдар, нормативтік- құқықтық актілер, басқа да құқықтық актілерді қарастырды.
Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға мүмкіндік туғызатын дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ.
2) Персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелер бойынша талдау обьектісі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау:
Бөлім Қызылқоға ауданы әкімдігінің бөлімшесі болып табылып, дербес бөлім ретінде жергілікті атқарушы органдарының бiртұтас жүйесiне кiредi, атқарушы билiктің жалпы мемлекеттiк саясатын тиістi саланы дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен үйлестіре жүргізуді қамтамасыз етеді.
Бөлімде мемлекеттік қызметшілер саны-3; азаматтық қызметшілер саны- 5. Олар: 3 мемлекеттік қызметкер мен 5 штаттан тыс қызметкер (хатшы, аудармашы, статистикалық есепке алу, архивариус және автокөлік жүргізушісі). Барлығы 8 қызметкер жұмыс істейді.
2022 жылдың наурыз-маусым айлары бойынша бөлімде қабылданған құқықтық акті саны: барлығы – 37 бұйрық берілген.
2) Мүдделер қақтығысы жоқ.
3) Кадрлық тағайындауларға үнемі талдау жүргізіледі.
Бөлімдегі мемлекеттік қызмет атқаратын тұлғалар мен олардың жұбайларының табыстары мен мүліктері туралы декларацияларының уақытылы тапсырылуы қамтамасыз етілген. Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасына, аудан әкімі аппаратына есеп тапсырылды. Сонымен бірге, бөлімде «Сенім телефоны» (+77123821511) жұмыс жасайды.
Бөлімде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің (Мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этика ережелері) талаптарын қатаң сақталуы үнемі бақыланып, осы талаптарды қатаң сақтау сезімін тәрбиелеу үшін қызметкерлер арасында жауапкершіліктері таныстырылып, телефонмен сөйлесу, жұмыс орнында және қоғамдық орындарда және мемлекеттік қызметшілерге теңестірілген басшылардың әдеп нормаларына нұқсан келтіретін материалдарды әлеуметтік желілеріне (instagram) жарияламау және сол сияқты бұзушылықтарды алға қарай болдырмауды қамтамасыз ету мемлекет қызмет имиджіне кері әсер ететін әрекеттерден сақтандыру түсінік жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
Бюджетті жоспарлау:
Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 16 қарашадағы "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заңының17-бабы 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1271 "Ашық бюджеттер интернет-порталында ақпарат орналастыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес жергілікті мемлекеттік органдардың бюджеттік есептіліктерін, шоғырландырылған қаржы есептілікті, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың нәтижелерін орналастыратын, сондай-ақ бюджеттік бағдарламаның жобаларын және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді көпшілікпен талқылауды өткізетін «Ашық бюджеттер» порталына budget.egov.kz орналастырылды.
Бюджет қаржысын игеру:
Бөлімге бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, Заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланады. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.
Қортынды:
«Атырау облысы Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсынылды:
|
Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізген, жұмыс тобының жетекшісі, бас маман:
___________________Г.М.Маратова «_____» ______________ 2022 жыл |
Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізген, жұмыс тобының мүшесі, хатшы:
__________________ Р.Амантаев
«______» _____________ 2022 жыл |
|
Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізген, сарапшы, «Қызылқоға» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы: ________________ Д.Ғұбайдуллин «_____» _______________ 2022 жыл
|
|