Атырау облысы Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
№ 14
8.07.2022ж
Қызылқоға ауданы Жамбыл, Көздіқара ауылдық округтері әкімдерін сайлауы бойынша сайлау округтерін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Жамбыл ауылдық округінің шекарасында Жамбыл ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша Жамбыл сайлау округі;
- Көздіқара ауылдық округінің шекарасында Көздіқара ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша Көздіқара сайлау округі құрылсын.
Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы М.Мұқанов
Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының хатшысы А. Имашев