Атырау облысы Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ

Атырау облысы Қызылқоға аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

№15

8.07.2022 ж.

 

Қызылқоға ауданы Жамбыл, Көздіқара ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

 

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-1 бабына сәйкес Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2022 жылғы 7 тамызға Қызылқоға ауданының:
  • Жамбыл ауылдық округі әкімінің;
  • Көздіқара ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2022 жылғы 7 тамызға тағайындалған Қызылқоға ауданы Жамбыл, Көздіқара ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  2. Осы қаулы Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық «Қызылқоға» газетінде жариялансын.

 

 

Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                                  М.Мұқанов  

 

 

Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                                 А.Имашев                                                                 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                                Қызылқоға аудандық аумақтық

                                                                                                                                сайлау комиссиясының  

                                                                                                                                2022 жылғы  8 шілдедегі

                                                                                                                                № 15 қаулысына қосымша

 

 

2022 жылғы 7 тамызға тағайындалған Қызылқоға ауданы Жамбыл, Көздіқара ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

 

1. Қызылқоға ауданы ауылдық округтері әкімдерінің (бұдан әрі – әкімдерді) сайлауын тағайындау

 

Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

2022 жылғы 8 шілде  

                                                                                                                 (113-1-б. 3-т.)

2. Сайлау округтерінің  шекаралары мен Қызылқоға аудандықаумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен 2022 жылғы 17 шілдеден кешіктірмей

                                                                              (22-б.)

3. Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен 2022 жылғы 17 шілдеден  кешіктірмей

                                                                          (13-б. 4-т.)

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау   

 

Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен   2022  жылғы 22 шілдеден кешіктірмей

                                                                          (17-б. 2-т.)

5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау         

 

Қызылқоға ауданы әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік   2022 жылғы 22 шілдеге дейінгі мерзімде

                                                                          (23-б. 5-т.)

6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен 2022 жылғы 9 шілдеден басталады және сайлау өткізілетін күнге он бес күн қалғанда 22 шілде 2022 жылғы  жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

(113-3-б.1-т.)

7. Әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

(4-б.,113-5-б., 11-т.2-тт.)

8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Әкімдікке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

                                                            (14-б. 8-1) т., 31-б.)

9. Әкімдікке кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

КандидаттыңКонституциялық заңда,  Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде

                                                                          (113-4-б.)

10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап  жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып

Қол қою парақтары тиісті сайлау комиссияларына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде

                                                                     (113-4-б. 7-т.)

11. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 2022 жылғы  1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі

 

Әкімдікке кандидатттар, саяси партиялар

(әрбір ұсынылған кандидат үшін)

Кандидат тіркелгенге дейін 

                                                            (113-5-б. 2-т.)

12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну (2022 жылғы 1 шілдегі жағдайына)

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Партиялық тізім тіркелгенге дейін

                                                                (113-5-б. 3-т.)

 

13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

(113-5-б. 4-т.)

14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті  куәліктер беру

 

Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен он күн бұрын 2022 жылғы 27 шілде жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады

                                                                                              (113-5-б.)

15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

                                                                    (113-5-б. 9-т.)

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Жергілікті атқарушы органдар және Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға 2022 жылғы 27 шілдеге дейін

(28-б. 6-т.)

17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен   2022 жылғы 28 шілде жергілікті уақытпен сағат он сегізден кейін басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі 2022 жылғы 6 тамыз жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады 

                                                                            (27-б. 2-т.)

18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттармен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергілікті атқарушы органдар және Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде  

                                                                           (28-б. 4-т.)

19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша  әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                                   

 

Қызылқоға ауданы әкімі

2022 жылғы  17 шілдеге дейін  дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

                                                                             (24-б. 5-т.)

20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

2022 жылғы 22 шілде дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда  

                                                                          (26-б. 1-т.)

 

 

21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты  және орны туралы хабардар ету                                                                            

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен 2022 жылғы 27 шілдеден кешіктірмей

                                                                 (18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу

 

Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын 2022 жылғы 4 тамыздан ерте емес  6 тамыздан кеш емес

                                                                          (37-б. 3-т.)

23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

2022 жылғы 7 тамыз күні жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де

                                                                                (40-б. 1-т.)

24. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

2022 жылғы 7 тамыз күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

                                                                          (38-б. 1-т.)

25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

2022 жылғы 7 тамыз жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады

(18-б. 8) т., 43-б.)

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу 

(43-б. 8-т.)

27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті аудандық (қалалық) аумақтық сайлау комиссияларына ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

(113-8-б. 1-т.)

28. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу

 

Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен 2022 жылғы        

  10 тамызданкешіктірмей 

                                                                            (113-10-б.)

29. Әкімдерді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

2022 жылғы 10 тамыз сайлау өткізілген күннен бастап төрт күннен кешіктірмей 

                                                                                    (44-б.)

30. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктер беру

 

Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап 2022 жылғы                         

13 тамызға дейін жеті күн мерзімде

Сайланған әкімдерден 2022 жылғы 13 тамызға дейін жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін

                                         (45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т)

     

 

 

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.                                                 

Атырау облысы Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ
Дата публикации
08 июля 2022