Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» №70 бұйрығына сәйкес «Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бос тұрған «Қаракөл» мәдениет үйі мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының директоры лауазымына конкурс жариялайды.
Конкурс өткізу күнін «Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, осы хабарландыру жарияланғаннан кейін 15 күн өткен соң белгілейді.
Конкурс өткізілетін орын: индекс 060504, Қызылқоға ауданы Қаракөл ауылы М.Айшуақов көшесі, 41 үй «Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
Мекеменің мекен-жайы: Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қаракөл ауылы, Т.Рысқұлов көшесі №31.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Білімі жоғары. Мәдениет, өнер және білім беру саласы бойынша. Кәсіпорынның бейіміне сәйкес өнер, мәдениет саласының басшысы лауазымдарында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.
Кәсіби құзырлығы: Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР «Азаматтық Кодексі» (жалпы және ерекше бөлімдері), ҚР «Еңбек Кодексі», ҚР «Бюджет Кодексі», ҚР «Мәдениет туралы» , «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдары және Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілерін, мәдениет пен өнердің даму бағыттары мен келешектерін анықтайтын, ұйымның шығармашылық-өндірістік, қаржылық-экономикалық қызметін реттейтін мемлекеттік органдардың актілерін, қаржылық-шаруашылық қызмет негіздерін, еңбек қорғау нормалары мен ережесін, қауіпсіздік және өртке қарсы қауіпсіздік техникасы.
Кәсіби білім мен дағдысы: ұжымды басқара білу, жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау тәжірибесі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде комиссияға мынандай құжаттарды ұсынуы тиіс: