Мемлекеттік рәміздер-сабақтастықтың жарқын бейнесі
Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш етуші әрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.
Халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаћармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.
Елтаңбамыз ел тарихының тереңінен тамыр тартып, ұлттық рухымызды асқақтатып, шаңырағымыздың беріктігін паш етіп, республикамыздың қанатты тұлпардай ұшқырлығын айғақтап келеді. Ал 2005 жылы шын мәнінде еліміздің халықтық Гимні қабылданды. Бабалардың ғасырлар бойғы арманы - «Менің Қазақстаным» деген құдіретті әуен елімізді ұлы болашаққа асқақтатып барады. Осының бәрі – Қазақстанның жаңа тарихының қастерлі беттері. Оның қасиеттілігі сол, Отанның өзін- ақ осы Тудан, Елтаңба және Гимннен бастау алады. Оларды жүрегіне басып, маңдайына тигізіп қадірлеу арқылы егемен елдің еңселі азаматтары қалыптасады. 1992 жылғы маусымның 4-інде алғаш рет тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері бекітілді. Бұл күн мемлекеттік рәміздердің туған күні ретінде еліміздің тарихында мәңгі қалды. Қазақстан байрағы қазір әлемнің басқа да тәуелсіз мемлекеттерімен бірге БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штабы пәтерінде желбіреп тұр. Ел әнұраны олимпиада ойындарында Қазақстан спортшыларының құрметіне шырқалды. Елтаңбамыз ұлттық теңгенің басып шығарылған банкнотында бейнеленген. Мемлекеттік рәміздеріміз алғашқы қазақстандық ғарышкерлермен бірге ғарышта да болып қайтты. Осының бәрі-тарих. Нақ осы мемлекеттік рәміздер-біздің егемендігіміздің мызғымас негіздерінің бірі. Олар Отан тәуелсіздігінің қасиетті, біріктіруші бейнесін танытады.
Ойыл ауылдық округі әкімі
аппаратының бас маманы
Г.Саламатова