Маскүнемдіктің алдын алу маңызды

Маскүнемдіктің алдын алу маңызды

 

Қазіргі таңда маскүнемдік дерті төрткүл дүниеде жаһандық қатер болып, бүгінгі күннің бас ауруына айналып отыр.

Әсіресе, жастармен бірге үлкендеріміз де уақытша «таңғажайып өмір» сыйлар маскүнемдік жағдайдың құлы болып жүрген жайы бар. Алкогольді сусындарға тәуелді адамның өзі ғана емес, оның отбасы да орасан зор зиян тартады.

Баланың алғашқы ұстазы – ата-ана. Сондықтан да әке де, ана да балалардың жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн.

Жанұядағы жанжал, үлкендердің балағат сөздерді айтуы, қоғамдық орындарға қоқыс тастап, ластауы, біреудің сыртынан әңгімелеу балаға теріс әсер етеді.

Мысалы, алкогольдік ішімдіктер мен темекінің зиянын біле тұра балалардың көзінше арақ ішіп, темекі тартатындар бар. Нәтижесінде балаларға зиянын ұқтыру өте қиын. Негізінен жанұяның шырқы бұзылған, ата-анасы маскүнемдікке салынған немесе келіспеушілікке көп тап келетін ортада өскен бала теріс тәрбиеге бой алдыруы әбден мүмкін.

Қорыта  келгенде,  ішімдік ішу адам денсаулығына көп зиянын тигізетіні ақиқат. Өкінішке  орай  жастар осы жаман әдеттерге өте жақын келеді. Олар осы әдеттер денсаулыққа зиян екенін біле тұрса, шылым шегіп, ішімдік ішеді, тіпті нашақорлыққа да барады. Қазіргі таңда бұл мәселелер бүкіл халықтық проблемаға айналып отыр, сондықтан да бұл мәселеге бір адам немесе бір мекеме болып көңіл аудармай, бүкіл халық болып қарау керек.

“Қазақстанның болашағы жастар” десек,  жастар мұндай жаман әдеттерге үйір болса, онда біздің мемлекетіміздің болашағы қандай болмақ.

 

 

Ойыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Г.Саламатова

 

 

 

Маскүнемдіктің алдын алу маңызды
Дата публикации
28 апреля 2022