Сыбайлас жемқорлық-әлеуметтік қасірет

Сыбайлас жемқорлық-әлеуметтік қасірет

 

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық заманауи қоғамның өзекті мәселесі болып табылады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі – жемқорлықпен күресу және оның алдын алудың бірден – бір жолы түсінік жұмыстарын жүргізу.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тек мемлекеттің ғана емес, әрбір азаматтың басты міндеті. Қоғамда жемқорлықты жою тетіктерінің бірі- адам бойындағы парасаттылықты қалыптастыру мақсатында Ойыл ауылдық округі кітапханасында  «Сыбайлас жемқорлық-әлеуметтік қасірет» атты дөңгелек үстел басындағы кездесу кеші өтті. Аталған шараны Ойыл ауылдық округі кітапханасының кітапханашысы А.Шоңбасова ашып жүргізді. Шараға округтегі әртүрлі сала мамандары денсаулық сақтау, білім беру, құқық қорғау, мәдениет саласының мамандары арнайы шақыртылды. Алдымен округ әкімі аппаратының бас маманы Г.Саламатова баяндама жасап, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның орын алуына әр адам теңіз тамшысындай болса да үлес қосу қажеттігі жөнінде  өз ойларын ортаға салды.

Рухани тұрғыдан бай адам, жемқорлықтай лас істерден жанын таза ұстайды. Ендеше, оның шипасы – халық арасында ағарту, насихат жұмыстарын тереңінен жүргізу қажет, алдын-алу үшін жас ұрпақтың сана – сезімін, сенімін, ішкі жан дүниесінің тазаруына ықпал етіп, жүрегіне иман ұялату. Осы мақсатқа жету үшін әрбір отбасында,  мектепте білім алатын оқушылардың бойына имандылық пен адамгершілікті, еліне, жеріне, ұлтына деген жанашырлық, патриоттық сезімді тереңінен сіңіруіміз қажет деп ой түйіндеді.

 Сонда ғана біз, қоғамымызға қауіп төндіріп, орасан кесел келтіретін жемқорлықтай келеңсіз әлеуметтік құбылыстан арашалай аламыз.

 

Саламатова Гүлдана Салаватқызы

Ойыл ауылдық округі

әкімі аппаратының бас маманы

Сыбайлас жемқорлық-әлеуметтік қасірет
Дата публикации
28 апреля 2022