«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18, 124-баптарына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 қаулысына сәйкес, Қызылқоға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.
2. «Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
осы қаулыны ресми жариялап және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдасын;
осы қаулыны Қызылқоға ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырсын;
осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қолдансын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау «Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қызылқоға ауданының әкімі
|
|
Н.Бисембиев
|