|
|
Бекітемін Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Е.Иғали
________________________ 1 сәуір 2022 жыл
|
Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміндегі сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
Миялы ауылы 1.04.2022 ж
Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі.
Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының 2022 жылғы 25 қаңтардағы №7 §1 бұйрығымен бекітілген, бөлім қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жасау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Жұмыс тобының басшысы:
Иғали Ерболат- бөлім басшысы.
Жұмыс тобының мүшелері:
Г.Дүзғалиева -бас маман.
В.Жумалиева – бас маман
Е.Құмаров - бас маман.
1) Бөлімнің қызметін реттейтін заңнамалардағы сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау.
2) Персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелер бойынша талдау объектісі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау.
3) Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері; бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;
4) Мемлекеттік сатып алу веб порталы туралы.
5) Прокурорлық қадағалау актiлерi, сот актілері.
6) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша.
7) бұқаралық ақпарат құралдарындағы және онлайн есеп беру, әлеуметтік желілердегі жарияланымдар;
Бөлім бойынша басшылыққа алынатын Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414 Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N95-IV Бюджет Кодексі, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Әдеп кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы бойынша. нормативтік-құқықтық актілерге талдау жасалып, нәтижесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар қаупін туғызатын нормалар мен өкілеттіктер анықталған жоқ.
Бөлім Қызылқоға ауданы әкімдігінің бөлімшесі болып табылады. Бөлімде мемлекеттік қызметшілер саны-4, штаттан тыс қызметшілер саны-4 (есепші, көлік жүргізушісі, шаруашылық меңгерушісі, хатшы) барлығы 8 қызметкер және 2022 жылдың ақпан айынан бастап 7 штат берілді (1-тазалықшы, 3- от жағушы, 3 – күзетші) жұмыс жасайды.
Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Кадрлық тағайындауларға үнемі талдау жүргізіледі. Кадрлар қозғалысы 1 бірлік. 2022 жылдың 1 ақпанынан бастап бөлімнің шаруашылық меңгерушісі бала күтіміне байланысты демалыстан жұмысқа шықты.
Бөлімдегі мемлекеттік қызмет атқаратын тұлғалар мен олардың жұбайларының табыстары мен мүліктері туралы декларацияларының уақытылы тапсырылуы қамтамасыз етілген.
2022 жылдың қаңтар – наурыз айлары қорытындысы бойынша барлығы 40 бұйрық қабылданды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарының, мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс Кодексі, қатаң сақтауы қадағаланып отырады. Қоғамдық орындарда мемлекеттік қызметшілерге бейәдеп қылықтар танытпау және әлеуметтік желі аккаунттарына жариялаумау жөнінде түсінік жұмыстары жүргізілді.Сондай-ақ, бөлім ішкі жұмыс барын тысқа жарияламау, құпиялықты сақтау шаралары түсіндірілді.
Бөлімнің атқарылып жатырған жұмыстарына тоқталсақ, жол құрылысы бойынша 7 жоба жүзеге асырылады. «Сағыз ауылының кірме және ауылішілік жолдарны қайта жаңғырту (6,8 км)», «Мұқыр ауылының кірме және ауылішілік жолдарын қайта жаңғырту (4,7 км)», «Сағыз ауылының (3 ауыл) кірме және ауылішілік жолдарын қайта жаңғырту (6,8 км)», «Миялы ауылының ауылішілік автокөлік жолдарын күрделі жөндеу (11,079 км)», «Сағыз ауылының ауылішілік автокөлік жолдарының құрылысы (8,212 км)», «Мұқыр ауылының кірме және ауылішілік жолдарын қайта жаңғырту (6,0 км)», «Кенбай елді мекеніне кірме және ауылішілік жолдарын қайта жаңғырту (1,568 км)».
Электрмен қамту саласында 2 жоба «Сағыз ауылынан көше жарықшамдарының (жаяу жүргіншілер жолымен бірге) құрылысы», «Сағыз ауылының электр жүйелерінің құрылысы (28,7 км)9 КТП трансформатор ауыстыру).
Ауыз сумен қамту бойынша аудан көлеміндегі 26 елді мекеннің 13-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған, яғни тұрғындардың 95,5%-ын құрап отыр. Қалған 13 елді мекен (4,5%-ы) жер асты (артезиан) суын пайдалануда.
Көгілдір отынмен қамту бойынша аудан көлемінде халықты табиғи газбен елді мекендердің 76%-ы немесе халықтың 98%-ы қамтылған (724,14 км).
Газ тартылмаған 6 елді мекенге (Соркөл, Сарқұмақ, Кенбай, Қоңыраулы, Тасқұдық, Былқылдақты) газ тарту жұмыстары басталды. 2021 жылға бөлінгені 300,0 млн. теңге. Мердігер «Газстрой» ЖШС) Жоба аяқталған уақытта аудан толықтай табиғи газбен қамтылатын болады.
Абаттандыру және көгалдандыру бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жолдауында берген тапсырмасын орындау мақсатында көктемгі науқанда көгалдандыру жұмыстарын жүргізуге орындар дайындалып, биылғы жылы жоспарланған 4900 түп талдың 2985 түп талы егілді. 1915 түп тал күз айында егіледі деп жоспарлануда.
Жаңадан белгіленген Миялы ауылының тұрмыстық қалдықтарды төгуге арналған қоқыс алаңына қоршау жұмыстарын жүргізуге жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп, қоршау жұмыстары аяқталады.
Тұрғын үймен қамту бағытында ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, азаматтарды тұрғын үй кезегіне тіркеу 6 санат бойынша жүзеге асырылады. 2022 жыл бойынша ҰОС ардагерлері санаты бойынша кезекке тіркелгендер жоқ. Қазіргі таңда көп балалы отбасы – 130, халықтың әлеуметтік әлсіз топтар санаты бойынша – 175, бюджеттік мекеме қызметкерлері санатымен - 88, жетім балалар санатымен-31 және тұрғын үйі апатты жағдайда тіркелгендер азаматтар-22, барлығы-446 адам тұрғын үйге мұқтаж отбасы тіркелген.
2022 жылдың 3 айы бойынша аудан әкімдігі жанынан құрылған мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру және жекешелендіру комиссиясының 1 отырысы өтіп, 5 қызметкер қызметтік тұрғын үймен қамтылды.
3.Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардан өтініштері.
Есепті кезеңде бөлімге арыз шағым тіркелмеді. Арыз шағым есебі аудан әкімі аппаратына уақытында тапсырылуда. Бөлімде сенім телефоны жұмыс жасайды. Арыз-шағым жәшігі орнатылған.
4.Мемлекеттік сатып алу веб порталы туралы
Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының нормалары мүлтіксіз сақтау міндеттелген. Өткізілетін мемлекеттік сатып алулардың баға ұсыныстарын сұрату және бір көзден алу тәсілдері, сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар Қазақстан Республикасының біріңғай мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы ашық өткізілді. Есепті кезеңде мемлекеттік сатып алу веб-порталында тәртіптік жауапкершілікке әкелетін заң бұзушылықтар орын алмады. Сонымен қатар бюджеттік өзгерістер болғанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын жетілдіру және күшейту мақсатында «Ашық бюджеттердің интерактивті картасына» ақпараттар уақытылы салынды.
Бөлімге бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда. Есепті мерзімде Мемлекеттік сатып алу порталы арқылы 25 келісім шарт жасақталды. Порталда заң бұзушылықтар орын алған жоқ.
5.Прокурорлық , сот актілері.
Есепті кезеңде прокурорлық актілері орын алған жоқ.
2022 жылдың 16 наурызында «S.ALEM construction» ЖШС-нің келісім шартқа өзгеріс беру туралы талап арызына сай сот отырысы өтіп, шешімі шықты. 6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша.
Қазіргі таңда бөлімде 6 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
Бөлім бойынша бірінші қызмет түрі "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша – 13 өтініш түскен.
Екінші көрсетілетін қызмет түрі "Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – 2 өтініш қағаздай түсіп, 1 өтініш қанағаттандырылды.
Үшінші қызмет түрі - "Тұрғын үй сертификаттарын беру". Бұл қызмет түрі 2020 жылдан бастап көрсетілуде. Электронды Үкімет порталында қызмет алу мүмкіндігі жоқ. 2022 жылға 1 өтініш түсті.
Төртінші қызмет түрі – «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметіне өтініш түскен жоқ.
Бесінші қызмет түрі - «Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 6 маусымдағы № 371 бұйрығына сай, «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу» қызметі. Бұл қызметке өтініш түспеді.
Алтыншы қызмет түрі: «Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдарды күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №55 бұйрығы «Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» қызметі. Бұл қызмет түрі тамыз-желтоқсан айларында жүргізіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тұрғын үйге кезекке қою қызметін жүзеге асыратын база жасамай қалуына байланысты 4 өтініш мерзімінен өтіп орындалды. Бұл туралы ХҚКО мен бірге акт жасақталды.
2022 жылдың 1 тоқсаны бойынша аудан әкімдігі жанынан құрылған мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру және жекешелендіру комиссиясының 1 отырысы өтіп, 1 тұрғын үй жекешелендіріліп, 5 қызметкерге қызметтік пәтер берілді.
Қызылқоға ауданының сервистік әкімдігінде бөлім бойынша 13 қызмет көрсетіліп, 63 адамға кеңес берілді.
Есепті кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарына Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді болдырмау және бөлім арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі жөнінде халыққа түсіндіру бағытында 2022 жылдың 11 ақпанында онлайн «Мемлекеттік қызмет жәрмеңкесі» өткізілді.
Бөлімнің Facebook, Instagram әлеуметтік желілеріне әр жұма сайын бөлім бойынша атқарылатын жұмыстар және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер және бейне роликтер жарияланып отырады.
«Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәукелдеріне қауіп туғызатын нормалар мен өкілеттіктер анықталмады.
Бөлім басшысы: Е.Иғали
Бас маман: Г.Дүзғалиева
Бас маман: В.Жумалиева
Бас маман: Е.Құмаров