Мемлекеттік көрсетілетін қызмет- абыройлы міндет
Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі бойынша 6 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Бұлар "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы", "Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру", "Тұрғын үй сертификаттарын беру", «Ағаштарды кесуге рұқсат беру», «Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру», «Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру қағидаларын бекіту туралы» қызметтері. Ағымдағы жылы 2 қызмет түріне өтініштер түсіп қызмет көрсетілуде.
Біріншісі "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы". Аталған қызмет түрі электронды түрде көрсетіледі. Азамат тұрғын үй кезегіне тіркелу үшін kezekte.kz порталына ЭЦҚ арқылы тіркеліп өтінім бере алады.
Екіншісі «Тұрғын үй сертификаттарын беру» қызметі. Жыл басынан 1 өтініш түсіп, қанағаттандырылды. Бұл сертификат «Отбасы банкі» арқылы жүргізілетін «Бақытты отбасы» бағдарламасынан өтінімдері қолдау тапқан жағдайда сатып алатын тұрғын үйдің алғашқы жарнасын төлеу үшін беріледі. Аудан бойынша қазіргі таңда 11 тұрғын үй сертификатына қаржы бөлінген. Еске сала кетсек бұл бағдарламаға тек көп балалы, толық емес отбасы, мүгедек бала бағушы отбасы санатымен тұрғын үй кезегіне тіркелген азаматтар қатыса алады. Сондай-ақ бұл сертификатты «Шаңырақ» бағдарламасы арқылы тұрғын үй алған жоғарыда аталған санаттарға ғана беріледі.
Сондай-ақ, Аудандық сервистік әкімдікте жұмыс күндері бөлім бойынша 2022 жыл басынан бері 33 қызмет көрсетіліп, 63 адамға кеңес берілді.