Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17 бабының 5-1) тармақшасына және 69 бабының 4 тармағының 2 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресустары комитетінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Атырау филиалына Қызылқоға ауданы, Қоныстану- Тайсойған-Шығыс Тайсойған учаскесінен ӘЖ-10кВ пайдалану құрылысы үшін жалпы көлемі 31,456 гектар жер учаскесі шектеулі нысаналы мақсатта (қауымдық сервитут) жер пайдалану құқығын 2032 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
- Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Кенжебековке жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.