Қайырымдылық саласындағы
«Жомарт жүрек» сыйлығы туралы Ереже
1.1. «Жомарт жүрек» қайырымдылық сыйлығы Қазақстандағы қайырымдылық қызметінің дамуына елеулі үлес қосқан меценаттарды табу және ынталандыру, оларға қоғамның назарын аудару мақсатында Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тарапынан тағайындалған.
1.2. Сыйлық жыл сайын екі деңгейде беріледі:
1) Республикалық сыйлықақы;
2) Өңірлік сыйлықақы.
1.3. «Рухани Жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ республикалық байқаудың ұйымдастырушысы және өңірлік байқаудың үйлестірушісі болып табылады. Өңірлік байқаулардың ұйымдастырушылары жергілікті атқарушы органдар болып табылады.
1.4. Байқау ұйымдастырушысы сыйлықақы беруді ұйымдастырып, соған байланысты барлық шығыстарды көтереді.
2.1. «Қайырымдылық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осы Ереженің мақсаттарын жүзеге асыруда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) кіші отан – аумағында жеке тұлға туған және (немесе) өз өмірінің бір бөлігін өткізген Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігі;
2) кіші отанды қолдау – патриотизмге негізделген, кіші отанға қолдау көрсетуге бағытталған ерікті қызмет;
3) қайырымдылық – қайырымдылық көмек көрсетуге және ізгілік қажеттіліктерді қанағаттандыруға негізделген, филантропиялық, демеушілік және меценаттық қызмет, сондай-ақ кіші отанға қолдау көрсету түрінде ерікті, өтеусіз не жеңілдікті шарттармен жүзеге асырылатын әлеуметтік пайдалы қызмет;
4) қайырымдылық бағдарламасы – қайырымдылық көмекті жүзеге асыру мерзімдері мен тәртібін қамтитын шаралар жүйесі;
5) қайырымдылық жасаушы – қайырымдылықты жүзеге асыратын адам, филантроп және (немесе) демеуші және (немесе) меценат және (немесе) кіші отанға қолдау көрсететін адам;
6) меценаттық қызмет – ғылымды, білімді, мәдениетті, өнерді, спорттық шеберлікті дамытуға, қоғам мен мемлекеттің тарихи және этномәдени игілігін сақтауға өзінің ізгілік еркі негізінде қайырымдылық көмек көрсету жөніндегі қызметі;
7) филантропиялық қызмет – қоғамның және адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, олардың өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін өзінің жеке ресурстарын бөлуге негізделген жеке тұлғаның ерікті қызметі.
3.1. Республикалық сыйлық бес номинация бойынша беріледі (әр номинацияда он лауреаттан артық емес):
1) «Жыл тұлғасы» – белсенді филантропиялық қызметі үшін. Лауреаттар тек жеке тұлғалар бола алады;
2) «Жыл меценаты» – белсенді меценаттық қызметі үшін. Сыйлық лауреаттары жеке тұлғалар ғана бола алады;
3) «Туған өлке» – кіші отанды қолдау бойынша әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асырғаны үшін.
Жеке және заңды тұлғалар лауреаттар бола алады;
4) «Жылдың үздік ұйымы» – қайырымдылық бағдарламасын тиімді іске асыру үшін.
Жеке мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам мен қордың, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдық - құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым - заңды тұлғалар ғана лауреаттар бола алады;
5) «Жылдың үздік қамқоршысы» – әлеуметтік маңызды өзгерістер мен қайта құруларға әкеп соққан кешенді қайырымдылық қызметі үшін, қайырымдылық көмегі үшін.
Кәсіпкерлік қызмет субъектілері ғана лауреат бола алады.
3.2. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана деңгейіндегі өңірлік сыйлықтар осы Ереженің 3.1-тармағында көрсетілген номинациялар бойынша беріледі. Әр номинация бойынша іріктелген лауреат саны екіден аспауы тиіс.
3.3. Облыстардың жергілікті атқарушы органдарының бастамасымен осы Ереженің 3.1-тармағында көрсетілген барлық немесе жекелеген номинациялар бойынша аудан, облыстық маңызы бар қала деңгейіндегі өңірлік сыйлықтар берілуі мүмкін. Бұл ретте, әр номинация бойынша бір ғана лауреат бола алады.
3.4. Сыйлық иегерлері:
1) Қайырымдылық саласындағы «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаты;
2) Облыс, республикалық маңызы бар қала және астананың қайырымдылық саласындағы «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаты;
3) Аудан, облыстық маңызы бар қаланың "Жомарт жүрек" қайырымдылық саласындағы «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаты деп аталады:
4.1. Іріктеу екі кезеңнен тұрады:
1) өтінімдерді қабылдау;
2) сараптамалық бағалау және номинациялау.
4.2. Өңірлік байқау аудан, облыстық маңызы бар қала деңгейінде өткен жағдайда өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында, оның әлеуметтік желілердегі (бар болса) ресми аккаунттарында, сондай-ақ тиісті аумақта таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында маусымның екінші онкүндігінде орналастырылады.
4.3. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана деңгейінде өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында, оның әлеуметтік желілердегі (бар болса) ресми аккаунттарында, сондай-ақ тиісті аумақта таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында шілде айының екінші онкүндігінде орналастырылады.
4.4. Өтінімдер осы Ереженің 1-қосымшасында берілген нысан бойынша ұйымдастырушыға:
- аудан, облыстық маңызы бар қала деңгейінде 15 шілдеге дейін;
- облыс, республикалық маңызы бар қала, астана деңгейінде 15 тамызға дейін жіберіледі.
Өтінімдерді номинацияға үміткер жеке және заңды тұлғалардың өздері де, сондай-ақ белгілі бір жеке немесе заңды тұлғаны номинациялауға өтініш білдірген өзге де заңды тұлғалар бере алады.
Бір өтініш беруші тек бір номинант үшін және тек бір номинация бойынша өтініш бере алады.
4.5. Ұйымдастырушы өтінімнің осы Ереже талаптарына сай болуын тексереді және әр номинация бойынша номинанттардың тізімін жасайды. Номинанттардың құрамына тиісті номинация бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өңірлік байқаулардың лауреаттары енгізіледі.
4.6. Номинанттардың өтінімдерін қарау үшін ұйымдастырушы осы аумақ тұрғындарының арасынан кемінде 9 адамнан тұратын сараптамалық кеңес құрады. Сараптамалық кеңестің құрамына пропорционалды түрде мына адамдар:
1) мемлекеттік қызметшілер (жергілікті бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйым қызметкерлері);
2) қоғам өкілдері (мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, ҮЕҰ, БАҚ, МИБ өкілдері және т. б.);
3) жеке кәсіпкерлік, оның ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілері кіреді:
Сараптамалық кеңестің құрамы 9 адамнан артық болған жағдайда көрсетілген тепе-теңдік сақталуға тиіс.
4.7. Сараптамалық кеңестің әрбір мүшесі өтінімдерді өз бетінше бағалап, осы Ереженің 2-қосымшасында берілген нысан бойынша бағалау парағын толтырады. Сыйлық лауреаттары сараптамалық кеңестің барлық мүшелерінің балдарын қосып, анықталады.
Баллдары тең болған жағдайда ұйымдастырушы оффлайн режимінде (не бейнеконференция бойынша) сараптамалық кеңес отырысын өткізеді, онда сыйлық лауреаттары қарапайым түрде көпшілік дауыспен айқындалады. Отырыстың заңдылығы үшін кворум - мүшелердің кемінде ¾ бөлігінің болуы.
5.1. Іріктеу екі кезеңнен тұрады:
1) өтінімдерді қабылдау және верификациялау;
2) онлайн-дауыс беру.
5.2. Республикалық деңгейде өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру байқаудың құрылтайшысы мен ұйымдастырушысының интернет-ресурсында, олардың әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында, сондай-ақ республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында қыркүйектің екінші онкүндігінде орналастырылады.
5.3. Ұйымдастырушыға өтінімдерді осы Ереженің 1-қосымшасында берілген нысан бойынша 5 қазанға дейін jomartjurek@kipd.kz. электрондық пошта арқылы қабылдайды. Өтінімдерді номинацияға үміткер жеке және заңды тұлғалардың өздері де, сондай-ақ белгілі бір жеке немесе заңды тұлғаны номинациялауға өтініш білдірген өзге де заңды тұлғалар бере алады.

5.4. Ұйымдастырушы өтінімнің осы Ереже талаптарына сай болуын тексереді және әр номинация бойынша номинанттардың тізімін жасайды. Номинанттардың құрамына тиісті номинация бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өңірлік байқаулардың лауреаттары енгізіледі.
5.5. Лауреаттарды іріктеу ұйымдастырушының интернет-ресурсында онлайн-дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Дауыс беру нәтижесін анықтау үшін есеп комиссиясын құрылады, оның құрамына Ұйымдастырушы қызметкерлер енгізіледі. Есеп комиссиясының құрамында өзге адамдар да болуы мүмкін.
6.1. Республикалық деңгейде сыйлықты тапсыру жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен салтанатты жағдайда арнайы марапаттау рәсімінде жүзеге асырылады. Өңірлік деңгейде сыйлық беру форматы және іс-шараны өткізу орны ұйымдастырушының қалауы бойынша белгіленеді.
6.2. Өңірлік сыйлық жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 5 қыркүйек, Халықаралық қайырымдылық күнінде өткізіледі.
6.3. Республикалық сыйлық жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 16 қарашада, «Қайырымдылық туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған күні өткізіледі.
6.4. Жүлдегерге мүсінше және диплом беріледі. Мүсіншенің эскизін, дипломның нысанын, сондай-ақ сыйлықтың брендбугін республикалық байқау ұйымдастырушысының ұсынысымен Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бекітеді.
Аймақтық деңгейде сыйлыққа тек диплом берілуі мүмкін. Сыйлықтың бренд кітабы сыйлықтың барлық деңгейлерінде қатаң сақталуы тиіс.
6.5. Барлық деңгейдегі сыйлық лауреаттары ұйымдастырушылар тарапынан өздерніңі қайырымдылық қызметін жария ету түрінде ақпараттық қолдау алады.
Сыйлық туралы жалпы ақпарат, барлық лауреаттардың соның ішінде өңірлік лауреаттардың да портфолиосы республикалық байқауды ұйымдастырушының интернет-ресурсында орналастырылады.
|
|
Қайырымдылық саласындағы «Жомарт жүрек» Ережесіне № 1 қосымша
|
«Жомарт жүрек» сыйлығы байқауына қатысуға өтінім
__________________________________________________________________

Қайырымдылық саласындағы «Жомарт жүрек» облыстық байқау сарапшысының бағалау парағы
|
№ |
Номинант |
Балл* |
Түсініктеме (қажет болған жағдайда) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
* бағалау он балдық жүйе бойынша жүргізіледі.