«Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Ереже бекіту туралы

Қаулы жоба

 

 

 

 

«Қызылқоға аудандық экономика және

қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Ереже бекіту туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі   басқару    туралы»   Қазақстан    Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18, 124-баптарына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық  бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 қаулысына сәйкес, Қызылқоға ауданының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.

2.«Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

            осы қаулыны ресми жариялап және  Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін  «Қазақстан Республикасының  Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдасын;

         осы қаулыны Қызылқоға ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырсын;осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қолдансын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау «Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                                                                        Н.Бисембиев  

 

 

 

 

 

«Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Ереже бекіту туралы
Дата публикации
11 апреля 2022