|
«Бекітемін» Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы ____________ А.Ақтаев «____»____________2022 жыл |
Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 2022 жылдың қаңтар-ақпан
айларына жүргізілген ішкі талдау туралы
АНЫҚТАМА
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын» басшылыққа алып, Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының 2020 жылғы 5 шілдесіндегі №150 бұйрығымен бекітілген жұмысшы тобы бөлім қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жасау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу мақсатында төмендегідей тармақтар бойынша талдау жүргізді:
1) Бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;
2) Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жариялымдар;
3) Бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
Бөлім өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:
- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі;
- Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Әдеп кодексі;
- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы;
- Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 207 «Мәдениет туралы» Заңы;
- Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228- V «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңы;
- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;
- Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» жарлығы;
- Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151-I «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңы;
- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;
- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;
- Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі;
«Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінде штат саны – 8 бірлікті құрайды. Атап айтқанда бөлім басшысы – 1, бас мамандар – 2, техникалық қызметкерлер саны – 5.
«Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.
Бөлімде 2022 жылдың қаңтар-ақпан айларында мекеменің қызметіне қатысты нормативтік-құқықтық актілер сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне, ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ, мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 «Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидаларын, сондай-ақ олардың сипаттамасын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес бөлімде келесідей мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:
2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 2-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 3-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы спорттық разрядтарын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру.
2022 жылдың қаңтар-ақпан айлары бойынша бөлімде мемлекеттік қызмет көрсетілген жоқ.
Ағымдағы жылдың 16 ақпан күні бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиісті заңдылықтарын халыққа түсіндіру мақсатында дайындалған қызметтерді алу тәртібі жөніндегі ақпарат бөлімнің фейсбук парақшасына жарияланды.
Бөлімге жеке және заңды тұлғалардан қаңтар – ақпан айлары бойынша өтініш түскен жоқ. Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, 2-16-17 сенім телефоны орнатылған.
Бөлімнің басқарушылық-ұйымдастыру қызметінде жемқорлық құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ішкі жемқорлық қатерді анализдеу кезінде айқындалмады.
Бас маман Г.Құрманғазиева
Бас маман А.Аязбайқызы
Аудандық орталықтандырылған
кітапхана жүйесінің заңгері О.Жұмақұл