ТАЙСОЙҒАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНЕ ҚАРАСТЫ МКҚК «ТАЙСОЙҒАН АУЫЛДЫҚ КЛУБЫНДА » СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚАУІПТЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ НӘТИЖЕЛЕРІ ҚАҢТАР-АҚПАН-НАУРЫЗ АЙЛАРЫ БОЙЫНША ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

                                                                              «БЕКІТЕМІН»

МКҚК «Тайсойған ауылдық клубы » директоры________Д.Жұмахметов

«     » __________ 2022 ж.

  

Тайсойған ауылдық округіне қарасты МКҚК «Тайсойған ауылдық клубында »  СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚАУІПТЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ НӘТИЖЕЛЕРІ ҚАҢТАР-АҚПАН-наурыз АЙЛАРЫ БОЙЫНША ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

         1.Сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жасаудың обьектісі – МКҚК «Тайсойған ауылдық клубы» мемлекеттік мекемесі.

         2.Сыбайлас жемқорлық қауіптерінің ішкі талдауы.   

   Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту  туралы» бұйрығына сәйкес,округ әкімінің  01.04.2022 жылғы №17 өкімімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін  жұмыс тобы құрылды.

        3.Талдау келесі құрамдағы жұмыс тобымен жүргізілді:   

         Жұмыс тобының басшысы:        

         Д.Жұмахметов – директор;       

         Жұмыс тобының мүшелері:     

          Ұ.Мұхит  – көркемдік жетекші;       

          Ө.Ешекенова – әдіскер.    

         4.Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:   

         1) –сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу және ұйымдардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;    

         2) мүдделер қақтығысын анықтау және  реттеу;

         3) ұжыммен сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндірмелік сипаттағы кездесулер өткізу;

       3) МКҚК «Тайсойған ауылдық клубы» мемлекеттік мекемесі қызметін реттейтін заңнамалардағы сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау:

         Сыбайлас  жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың жұмыс тобы МКҚК «Тайсойған ауылдық клубы» мемлекеттік мекемесі өз қызметінде басшылыққа алатын Кодекстер, Заңдар, нормативтік- құқықтық актілер, басқа да құқықтық актілерді қарастырды.

         Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға мүмкіндік туғызатын дискрециялық өкілеттіліктер мен  нормалар  анықталған жоқ.

         4)мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелер бойынша талдау обьектісі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау:

МҚКК «Тайсойған ауылдық клубы» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық- басқарушылық қызметінде ағымдағы жыл ішінде кадрлардың ауысуы орын алды.

МҚКК «Тайсойған ауылдық клубы» мекемесіндегі штат саны 5. Атап   

айтқанда  мекеме     директоры  -1 адам, көркемдік жетекші -1адам, әдіскер-1адам,  

есепші-1адам,  еден жуушы -1адам  қызмет етеді.

-31.01.2022 жылы клуб директорының №4 бұйрығымен клуб есепшісі  

Г.Сарсенкулова өз арызына   сай жұмысынан босатылды.

-07.02.2022 жылы клуб директорының  №5 бұйрығымен клуб есепшісі қызметіне  

уақытша   Г.Аманжолова  тағайындалды.

          2022 жылдың қаңтар, ақпан, наурыз айлары  бойынша директор барлығы 5 бұйрық  шығарылған.   

          2) Мүдделер қақтығысы жоқ.       

          3) Кадрлық тағайындауларға үнемі талдау жүргізіледі.

    МҚКК «Тайсойған ауылдық клубы» мекемесіндегі қызмет атқаратын тұлғалар мен олардың жұбайларының табыстары мен мүліктері туралы декларацияларының уақытылы тапсырылуы қамтамасыз етілген. Сонымен бірге, аппаратта «сенім телефоны» жұмыс жасайды. Арыз-шағым жәшігі ілінген.

 Қазақстан Республикасының  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»  Заңдарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің талаптарын қатаң сақталады.

      Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының нормалары мүлтіксіз сақтау міндеттелген.  Материалдық құндылықтарын өз деңгейінде сақталады.  Мекемелерге бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды,тауарларды,қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша,Заңға сәйкес жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланады. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар,бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.

    «Тайсойған ауылдық клубы» мекемесінің ұйымдастырушылық –басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.

    «Тайсойған ауылдық клубы» мекемесінің 2022 жылғы 3 айында мекеменің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне, ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

       «Тайсойған ауылдық клубы» мекемесінде мүдделер қақтығысы  орын алған жоқ.Қызметшілерден шағым түскен жоқ.

       Сонымен қатар, «Тайсойған ауылдық клубы» бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл-әрбір азаматтың міндеті» дөңгелек үстел, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» кітап көрмесі өткізілді.

    «Тайсойған ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2022 жылдың қаңтар, ақпан, наурыз айлары бойынша жеке тұлғалардан   арыз  түскен жоқ.  

  1. Қорытынды:       

         «Атырау облысы Қызылқоға ауданы МҚКК «Тайсойған ауылдық клубы»  мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсынылды:           

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын зерделеу бойынша құқықтық жаппай оқыту жүргізуді жалғастыру;     
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесін қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыру, БАҚ-та кеңінен ақпараттық-насихаттау жұмыстарын ұйымдастыру;          
  3. Қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіре отырып азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру кезінде заңдылықты қамтамасыз ету.          

 

         Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне

        ішкі талдау жүргізген,

        жұмыс тобының басшысы:                      __________ Д.Жұмахметов

        «____»      ________  2022 жыл 

 

        Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне

        ішкі талдау жүргізген, 

        жұмыс тобының мүшесі:                            ___________  Ұ.Мұхит

         «____»  _________      2022 жыл

 

        Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне

        ішкі талдау жүргізген,

        жұмыс тобының мүшесі:                              ___________ Ө.Ешекенова

       «______»      ________  2022 жыл                                  

 

                                                                  

 

 

 

 

ТАЙСОЙҒАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНЕ ҚАРАСТЫ МКҚК «ТАЙСОЙҒАН АУЫЛДЫҚ КЛУБЫНДА » СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚАУІПТЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ НӘТИЖЕЛЕРІ ҚАҢТАР-АҚПАН-НАУРЫЗ АЙЛАРЫ БОЙЫНША ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Дата публикации
10 марта 2022