«Қызылқоға аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Е Р Е Ж ЕСІ

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Қызылқоға аудандық құрылыс бөлімі мемлекеттік мекемесі, Қызылқоға ауданы аумағында құрылыс қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. Мекеменің ведомстволары жоқ.
  3. Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конститутциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. Мекеме ұйымдық - құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
  5. Мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
  6. Мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
  7. Мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. Мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
  9. Мекеменің орналасқан жері: Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Абай көшесі №4 үй, 060500.
  10. Осы ереже мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.

11.Мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

  1. Мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен мекеменің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

Егер Мекемеге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

 

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

 

  1. Мақсаттары:

Қызылқоға аудандық құрылыс бөлімі мемлекеттік мекемесінің мақсаттары құрылысы және қайта жаңғырту саласында қызмет көрсету мен қатар аудан қажеттілігіне қарай инфрақұрылыммен қамту, аудан халқының өмір сүру деңгейін арттыру, мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес тұрғын үй, мектеп, аурухана және әлеуметтік нысандарды салу болып табылады.

  1. Өкілеттіктері:

1) Құқықтары:

- аяқталған құрылыс және обьектілерді жөндеудің техникалық орындау құжаттамаларын рәсімдеуге, сондай-ақ обьектілерді пайдалануға қабылдауға жұмысшы және мемлекеттік комиссияларына қатысады, тиісті ұсыныс пікірлер беруге, ҚНжЕ-ге және заңдылығы негізінде қабылдауға сәйкес келмегенде одан бас тартуға;

- жеке және заңды тұлғалардан түскен арыздарды, өтініштер мен ұсыныстарды тексеруді ұйымдастырады және соған қатысады.

2) Міндеттері:

- құрылыс бойынша жұмыс қажеттіліктері мен жұмыс көлемдерін, өндірістік обьектілерінің жыл бойғы және болашақтағы күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының қажеттігін анықтайды.

- аудан көлеміндегі құрылыс және жөндеу жұмыстарын орындауда мүмкіндігі бар мердігерлерді анықтауда өткізілетін тендерге қатыса алады.

- жаңа нысандардың құрылысына және коммуналдық меншіктегі нысандардың жөндеу жұмыстарына тапсырысшы бола алады.

- жергілікті бюджеттен және демеушілік көмектен берілген жұмыс көлемінің орындалуын талдайды. №2 «Жүргізілген құрылыстардың, жөндеулердің аралық орындалысы жөнінде» және №3 «Жүргізілген құрылыстардың толық орындалысы жөнінде» формалармен берілген рәсімдеу және көлемдерді тексеріп, бұрыштама соғады.

  1. Функциялары:

-  аудан, облыс әкімдігінде жасалған бағдарламаларды жүзеге асыруда аудан әкімі аппаратының бөлімдерімен өзара байланысты әрекет ете отырып өз жұмысының бағдарын анықтайды.

- өндірістік, құрылыстық мекемелердің қызметіне бақылау жасайды және оған көмектеседі.

- аудандық әкімдігінің отырысында қаралатын мәліметтереді дайындайды, мәліметтерді жинап, талдау жасайды. Аудан әкімінің өкімдері мен қаулы жобаларын дайындайды, оның жүзеге асырылуына қатысады және бақылау жүргізуге қатысады.

 

3-тарау. Мекеменің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

 

  1. Мекемені басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
  2. Мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
  3. Мекеменің бірінші басшысының өкілеттіктері:

- мекемені аудан әкімі тағайындайтын және босататын бөлім басшысы басқарады;

- мекеменің басшысы бөлімнің жұмыстарын ұйымдастырады және басшылық етеді, бөлімге берілген тапсырмаларды дербес жауапкершілікпен орындайды, олардың функцияларын атқарады. Конкурс қорытындысы бойынша бөлімге қызметкерлерді жұмысқа алады және босатады.

- мекеме басшысы бөлім қызметкерлерінің өкілдіктерін және міндеттерін анықтайды;

- белгіленген заңға сәйкес бөлім қызметкерлеріне тәртіптік шаралар қолданады,

- бөлім бойынша нормативтік құжаттарға қол қояды және бұйрықтар шығарады;

- бөлімге ішкі тәртіп енгізеді,

- бұл орган туралы ережемен белгіленген қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңдылығына қайшы келмейтін басқада міндеттерді жүзеге асырады;

- бөлім басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдауына дербес жауапты болады;

Мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

  1. Мекемені Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын бөлім басшысы басқарады.

 

4-тарау. Мекеменің мүлкі

 

  1. Мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзіне бекітіліп берілген, өзінің балансында тұрған мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының атынан дербес жүзеге асырады.

  1. Мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе мекеме өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5-тарау. Мекеменің қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

Қызылқоға аудандық

құрылыс бөлімінің басшысы

 

Д.Нығметов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қызылқоға аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Е Р Е Ж ЕСІ
Дата публикации
29 марта 2022