«Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесінің Ережесі

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрі – мекеме) кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. Мекеменің ведомстволары жоқ.
  3. Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. Мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
  5. Мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
  6. Мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
  7. Мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. Мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
  9. Мекеменің орналасқан жері: 060500, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Тайпақ Қарабалин көшесі, 39 ғимарат.
  10. Осы Ереже мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
  11. Мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

 12.Мекеменің кәсіпкерлік субъектілерімен мекеменің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

Егер Мекемеге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

 

2.Мекеменің  мақсаттары мен өкілеттіктері

 

  1. Мақсаттары:

- Мекеме ауданның атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді және кәсіпкерлік, туризм және ауыл шаруашылық саласындағы мемлекеттік саясатты өзінің шектеулі құзыретінде жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

- Ауданның кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығын дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын орындауды қамтамасыз ету, шағын және орта бизнес кәсіпкерлерінің мүддесін қорғауға бағытталған қаржы, несие, салық және мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;

- Қызылқоға ауданының аумағында кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылық үйлестіру мәселелерінде мемлекеттік саясатты аудандық деңгейде жүзеге асырады.

          14.Өкілеттіктері:

           1). Құқықтары:

- белгіленген тәртіппен  бөлімнің құзыретіне кіретін  ауданның  әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін әзірлеуге, қарауға және келісуге қатысуға;

- оның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша  әдістемелік материалдар мен  ұсыныстарды әзірлеуге, сондай -ақ нұсқамалар, семинарлар, кеңестер өткізуге;

- белгіленген тәртіппен  жергілікті атқарушы органдарынан мекемелермен ұйымдардан бөлімнің өз функцияларын іске асыруға қажетті  статистикалық және  есептік деректерді, басқа материалдар мен мәліметтерді  сұратуға және алуға;

- бұқаралық ақпарат құралдарына  бөлімнің қызметі туралы  ақпаратты беруге;

- қажет болған жағдайда кеңестер мен сарапшылар топтарын құруға құқылы.

2).Міндеттері:

- ауданның өңірлік  әлеуметтік-экономикалық  даму бағдарламаларын  қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;

- аудан аумағында кәсіпкерліктің, қызмет көрсету саласының және ауыл шаруашылығын дамуының  жай-күйін талдау және дамуын болжау;

- қолданыстағы заңнамаға, мемлекеттік, салалық (секторлық), аймақтық бағдарламаларға сәйкес агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру және тұрғындар қажеттілігін қанағаттандыру үшін ауыл шаруашылық өнімдерінің іске асырылуына жәрдемдесу.

  1. Функциялары:

- кәсіпкерліктің, қызмет көрсету саласының және сауданың  экономикалық  және  әлеуметтік дамуына жәрдемдесу;

- ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы саласында бәсекеге қабілетті жаңа технологиялар енгізуге жұмыстану;

- ауданның шағын және орта кәсіпкерлік саласының  дамуын талдау және мониторингілеу;

- ауданның шағын және орта кәсіпкерлік өкілдеріне қолдау көрсету мақсатында, аудандағы қоғамдық бірлестіктермен және Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік палатасымен өзара іс-қимыл жасау;

-  тауар өндірушілер мен  кәсіпкерлерге арналған ақпараттық  жинақтар жасау, тарату;

- семинарларды, көрме-жәрмеңкелерді, конкурстарды, форумдарды, бизнес кездесулерді  ұйымдастыру;

- халық кәсіпшілігі және қолөнерді дамытуға  жәрдемдесу;

- өңірлік шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

- шағын кәсіпкерлік субьектілеріне  ғимараттарды, өндірістік үй-жайларды    және коммуналдық меншіктегі өзге де мүлікті жеңілдікпен беру арқылы шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымын  қолдау мен дамыту жөнінде ұсыныстар береді;

- аудандағы туристік маршруттар мен соқпақтардың тізімін жүргізу;

- әлеуеметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына мониторинг жүргізу;

- мал басын көбейту, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру;

- асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға берілетін субсидияға шаруашылықтардан тапсырылатын құжаттардың облысқа тапсырылуына басшылық жасау;

Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу;

- Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепiлге қоюды мемлекеттiк тiркеу;

- Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер беру;

- Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу;

- мемлекеттік орган жұмысының  сапасы мен өнімділігін арттыру  мақсатында оның  қызметінің бағыттары бойынша  ішкі  қаржылық бақылауды жүзеге асырады;

- құқықтық қамтамасыз етудегі тапсырмалардың орындалуы  бойынша жұмыстарды  ұйымдастыру, нормативтік  актілер, бұйрықтар, шешімдер және құқықтық нысандағы басқа  да құжаттардың жобаларын дайындайды.

 

3.Мекеменің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

 

  1. Мекемені басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
  2. Мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
  3. Мекеме бірінші басшысының өкілеттіктері:

- Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, облыс және аудан әкімдігінің қаулыларын орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, жоғары тұрған органдарды олардың орындалу барысы туралы жүйелі түрде ақпарат етеді;

- бұйрықтарын шығарады;

           - Мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдауына дербес жауапты болады;

- мемлекеттік органдарда, өзге ұйымдарда Мекеменiң мүддесiн білдіреді;

-  заңнамамен белгіленген жағдайларда және шегінде мүлікке иелік етеді;

- белгіленген заңнама тәртібінде келісімдер және басқа да заңды мәмілелер жасайды;

-  сенімхаттар береді;

-  Мекеменің актілеріне қол қояды;

-  Мекеменiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады;

-  Мекеме қызметкерлерiнің міндеттері функцияларын анықтайды;

-  Мекеме қызметкерлерiне мадақтау шараларын және тәртіптік жаза қолданады;

-  заңнамамен және осы Ережемен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

  1. Мекеме аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын мекеме басшысы басқарады.

 

  1. Мекеменің мүлкі

 

  1. Мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.

Мекеменің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Мекемеге бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мекеме өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

 

  1. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату

 

23.Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

«Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесінің Ережесі
Дата публикации
28 марта 2022