2022 жылғы 7 сәуір күні сағат 10.00-де №2 жалпы орта білім беретін мектебінде Атырау облысы әкімі М.Ж.Досмұхамбетовтың Қызылқоға ауданы, Мұқыр ауылының тұрғындарымен кездесу және жеке қабылдау өткізетіндігін хабарлайды.
Кездесу Facebook (Қызылқоға ауданының әкімдігі) және Instagram (kizilkoga_akimat) желісіндегі парақшаларда тікелей эфир арқылы көрсетіледі.
Тұрғындардың облыс әкіміне қоятын сұрақтар мен ұсыныстары үшін әкімдіктің электрондық мекен жайына
mukur.okrug@atyrau.gov.kz және орталықтандырылған 109 байланыс телефоны жұмыс жасайды.
Сонымен қатар, тұрғындардың облыс әкіміне қоятын сұрақтары мен ұсыныс-пікірлері үшін Мұқыр ауылдық округі әкімі аппаратында және №2 жалпы орта білім беретін мектебі ғимараттарында арнайы жәшіктер орнатылған.
Қызылқоға ауданы әкімінің аппараты