ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

2022 жылғы 7 сәуір күні сағат 15.00-де «Арман» мәдениет үйінде               Атырау облысы әкімі М.Ж.Досмұхамбетовтың Қызылқоға ауданының тұрғындарымен кездесу және жеке қабылдау өткізетіндігін хабарлайды.

Кездесу Facebook (Қызылқоға ауданының әкімдігі) және Instagram (kizilkoga_akimat) желісіндегі парақшаларда тікелей эфир арқылы көрсетіледі.

Тұрғындардың облыс әкіміне қоятын сұрақтар мен ұсыныстары үшін әкімдіктің электрондық мекен жайына kizilkoga.akimat@atyrau.gov.kz және орталықтандырылған 109 байланыс телефоны жұмыс жасайды.

Сонымен қатар, тұрғындардың облыс әкіміне қоятын сұрақтары мен ұсыныс-пікірлері үшін Қызылқоға ауданы әкімі аппаратында және                    «Арман» мәдениет үйі ғимараттарында арнайы жәшіктер орнатылған.

 

Қызылқоға ауданы әкімінің аппараты

 

 

ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!
Дата публикации
24 марта 2022