2022 жылдың 11 наурыз күні сағат 15:00-де Мұқыр ауылдық клубында, жергілікті қоғамдастық жиналысы өткенін хабарлаймыз. Күн тәртібінде: Мұқыр ауылындағы сандық атаумен тұрған идеологиялық ескірген атауларды ел аузында жүрген тарихи тұлғалар есіміне ауыстыру туралы мәселесі қаралып, Мұқыр ауылының 4 ауылына екі көше «Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы» атауын және 5 ауылына бір көше «Абай Құнанбаев» атауын, 6 ауылға төрт көше «Бекет Мырзағылұлы, Дінмұхамед Қонаев, Зейнолла Қабдолов, Шернияз Жарылғасынұлы» атауларын беру туралы қоғамдастық мүшелерінің ұсынысыменен қолдау тапқанын қаперлеріңізге береміз.
МҰҚЫР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ АППАРАТЫ