Жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасына азаматша Қ.Бөлекбаеваны және хатшылығына қоғамдастық мүшесі Қ.Тоқбаев ашық дауыспен сайланды.
Тыңдалды:
-Құрметті жиналысқа қатынасушылар, бүгінгі күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жергілікті қоғамдастық мүшелерінен келісім алу қажет. Сондықтан күн тәртібіндегі мәселе бойынша мәліметті тыңдап, соған сәйкес ұсыныс пікірлеріңіз болса айтуға рұқсат. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сөз округ әкімі аппаратының бас маманы Р.Нұрлыбаеваға беріледі.
2.Округ әкімінің уақытша міндетін атқарушы Р.Нурлыбаева:
-Мұқыр ауылында 9 көше атауымен және 3 сандық атаумен тұрған, барлығы 12 көше бар. Аудандық және жергілікті жерден шыққан тұлғалардың атауына Ғ.Есенғалиұлы, С.Есенғалиев, М.Зұлханов, Б.Айтмағанбетов, Ғ.Сланов, Б.Аманшин, М.Даулетбаев, М.Сұлтанов, Ж.Кенжебаев көше атаулары берілген. 2021 жылғы 16 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы ономастикалық жұмыстарды ұйымдастыратын әдістемелік ұсынымын» басшылыққа ала отырып, сандық атаумен тұрған, идеологиялық тұрғыда ескірген Мұқыр ауылының 4-5-6 ауылдарына жаңа үлгідегі көше атауын беру үшін бөлуіміз қажет. Қорытындылай келе, 4 ауылдың 2 көшесіне, 5 ауылдың 3 көшесіне, 6 ауылдың 4 көшесіне тарихи тұлғаларды ұлықтау мақсатында көше атауларын беруге ұсыныс етемін.
Сөйлеушілер:
1.Жергілікті қоғамдастық мүшесі А.Сахиев: - Сандық атаумен тұрған көшелерді тұрғындар санына қарай, қажетінше көшелерге бөліп, көше тәртібін сақтай отырып, көше атауын беруге қарсы емеспін. Алайда, осы мәселе бойынша шешім қабылдауды келесі жиналысқа қалдырсақ деген ұсынысым бар. Себебі, көшелерді көшеге бөлу үшін ауылымыздың картасына сәйкес сызба жасақтап бөлуді жөн деп санаймын. Және көшелерге бөлу кезінде қоғамдастық мүшелері қатынасса деген ойым бар.
2.Жиналыс төрағасы Қ.Бөлекбаева:
Ендеше, ойымызды айтып, пікір алмасып болсақ, күн тәртібігіндегі мәселемізге көшсек. Талқылар тақырыбымыз – Мұқыр ауылының сандық атаумен тұрған көшелеріне атау беру туралы. Алып-қосар ұсыныстарыңыз болса, тыңдауға әзірміз.
3.Мұқыр ауылдық клубының директоры, жергілікті қоғамдастық мүшесі А.Есенғали
Құрметті, жиналысқа қатысушылар?! Мұқыр ауылының сандық
атаумен тұрған көшелеріне алдарыңызда ұсынған қазақ еліне еңбегі сіңген тарихи тұлғалар беріліп отыр. Менің ұсынысым бойынша 4 ауылға екі батырымызды бөліп жармай екі бетіне «Исатай көшесі» және «Махамбет көшесі» деп атау берсек. Сондай-ақ, 5 ауылға былтырғы жылы 175 жылдық мерей тойы аталып өткен қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың атауымен атасақ деген ойдамын.
4.Ауыл тұрғыны, жергідікті қоғамдастық мүшесі А.Қабдолов:
Мұқыр ауылының 6 ауылына 4 атау беруді жөн деп тұрмын. Бірінші
көшесіне «Бекет ата көшесі» мен «Д.Қонаев көшесін» берсек. Сондай-ақ, 6 ауылдың екінші жақ беіне «Зейнолла Қабдолов көшесі» мен «Шернияз ата көшесі» атты атау берсек, барлығы қолдайды деп ойлаймын.
Қарсы? Қалыс? Жоқ.
Жергілікті қоғамдастық жиналысы күн тәртібіндегі мәселені талдап, талқылай келе, төмендегідей ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Мұқыр ауылының сандық атаумен тұрған 4,5,6 ауыл көшелеріне қоғамдастық мүшелерінің ұсынысы бойынша 4 ауылына екі көше «Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы» атауын және 5 ауылына бір көше тарихи тұлға «Абай Құнанбаев» атауын, 6 ауылға төрт көше «Бекет Мырзағылұлы, Дінмұхамед Қонаев, Зейнолла Қабдолов, Шернияз Жарылғасұлы» атаулары берілсін.
2 Мұқыр ауылында сандық атаумен тұрған көшелерді ұсынылған тарихи ұлы тұлғалар есімін беру үшін тиісті құжаттар жинақтап ұйымдастыру Мұқыр ауылдық округінің әкім аппаратына жүктелсін.
Жиналыс төрағасы: Қ.Бөлекбаева
Хатшы: Қ.Тоқбаев