Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, мектеп директорының 2021 жылдың 27 тамыздағы №113А бұйрығымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмысшы тобы құрылды. Жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жүргізді:
Миялы орта мектебінде мұғалімдер саны 60 қызметкерлер саны 40
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында мектеп ұжымы қызметінде Кодекстер, Заңдар, нормативті құқықтық актілер, басқа да құқықтық актілер басшылыққа алып қарастырылды.
Мектебіміз 9(тоғыз) түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі:
Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің уақытынан кешіктірліп орындалғаны болған жоқ. Көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат ай сайын білім бөліміне беріліп отырады.
Миялы орта мектебі мемлекеттік мекемесіне келіп түскен өтініштер саны-12.
Оның ішінде - заңды тұлғадан – 0, - жеке тұлғалардан – 12 өтініш келіп түсті. Түскен барлық өтініштеруақытында шешімін тауып, заң талаптарына сәйкес жауап берілді.
Бұқаралық ақпарат құралдарында мектептің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты теріс материалдар анықталған жоқ.
Білім бөлімінен бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, заңға сәйкес жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырлады.
Өткізілетін мемлекеттік сатып алулардың барлық тәсілдері, сондай-ақ конкурстық құжаттамалар, сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар, конкурсқа қатысуға өтінімді ашу, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамалар Қазақстан Республикасының біріңғай мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы ашық түрде өткізіледі.
Есептік кезеңде мекеме қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ.
Р.Харес: мектеп бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы
комплаенс қызметіне жауапты тұлға.
Ж.Хасангалиев: – бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы.
К.Мырзакулова: – іс жүргізуші.