«Қызылқоға ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы анықтама

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкесжүргізілді. Аталған бұйрыққа сай округ әкімінің 01.03.2022 жылғы №15-ө өкімімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы құрылды.  

Жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жүргізді:

1) Округ әкімі аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;  

2) Округ әкімі аппаратына қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;   

3) Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;  

4) Округ әкімі аппаратына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;  

5) Прокурорлық қадағалау актiлерi;

6) Ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен жол берілген өзге де мәліметтер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ақпарат көздері болып табылады.  

  «Қызылқоға  ауылдық округі әкімінің  аппараты» мемлекеттік мекемесінде штат саны - 11 бірлікті құрайды. Атап айтқанда округ әкімі- 1,  бас мамандар – 3, техникалық қызметкерлер-7 адам.

 «Қызылқоға ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық-басқарушылық  қызметінде  ағымдағы жыл  ішінде кадрлардың ауысуы орын алған жоқ. Округ әкімі аппаратында жұмысқа қабылдау, аудандық жұмыспен қамту орталығы жолдамасы арқылы жүргізіледі.  

 «Қызылқоға  ауылдық округі әкімінің  аппараты» мемлекеттік мекемесінің міндеттеріне:  

1) Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің  Жарлықтарына, Үкімет қаулыларына, жоғары тұрған өкілетті және атқарушы органдардың, облыс, аудан, ауылдық округ әкімдерінің нормативтік құқықтық актілерін орындау мақсатында жұмысты ұйымдастыру;  

2)   ауылдық округ әкімінің құқықтық актілер жобасын әзірлеу;

3) заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін, арыздарын және шағымдарын тіркеу және қарау;

      4) «Қызылқоға  ауылдық округі  әкімінің  аппараты» мемлекеттік  мекемесі  әкімші болатын бюджеттік бағдарламалар жобаларын әзірлеу;  

5) әскери міндетті тұлғаларды, әскери учаскіге тіркелуге және шұғыл әскери қызметке шақырылуға жататын тұлғаларды есепке алу,  ауылдық округ әкімі құзыреті шегінде  әскери міндет және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ, мобильді дайындық және мобилизация мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру;

6) аз қамтылған тұлғаларды анықтау, жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, жалғыз басты қарттар және еңбекке жарамсыз адамдарға үйде көмек көрсету бойынша жоғары тұрған органдарға ұсыныстарды енгізу бойынша жұмысты ұйымдастыру;

      ​7) шаруашылық есепке алуды жүзеге асыру;

8) ауылдық округ аумағында орналасқан  мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ұйымдары, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз ету;

9) ауылдық  округ аумағында ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ауыл шаруашылық малдарды сәйкестендіру жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ, ауылдық округ әкімі құзыреті шегінде ветеринарлық  алдын алу іс-шараларын өткізу;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік қызметтерді көрсету;

11) «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру;

12) ауылдық округ аумағындағы маңызды  мәселелерді шешу үшін ауылдық округ аумағында орналасқан елді мекендер тұрғындарының жиынын өткізеді. Жиындарда әкім төрағалық етеді, олардың шешімдеріне қол қояды және орындалуын қамтамасыз етеді;

13) жергілікті қоғамдастық  жиындарын өткізуін ұйымдастыру көрсетілген.

«Қызылқоға ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:

-   Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V Еңбек Кодексі;

- Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы                            29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасымемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Әдеп Кодексі;  

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221-ІІІ «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы;  

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы;     

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы;   

  «Қызылқоға ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық -басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.     

​      «Қызылқоға ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылдың 2 айында мекеменің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне, ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.     

​    «Қызылқоға ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.      

​  «Қызылқоға  ауылдық округі әкімінің  аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2022 жылдың 2 айы бойынша жалпы саны – 6 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.        

       «Қызылқоға ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2022 жылдың 2 айында жеке тұлғалардан және заңды тұлғалардан арыз түскен жоқ. Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшік мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, арнайы журнал ашылған және  3-13-45 сенім телефоны орнатылған.

​         Сонымен қатар Ә.Игілікұлы көшесіне баннер ілінді.  

​     «Қызылқоға ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтердің тиісті заңдылықтарын халыққа түсіндіру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарына материалдар жариялаудың медиа-жоспары жасақталды.

 

 

Округ әкімі аппаратының бас маманы___________Д.Әнетова

 «___»___________ 2022 жыл

 

Округ әкімі аппаратының бас маманы___________К.Кайруллин

 «___»___________ 2022 жыл

 

Округ әкімі аппаратының бас маман-есепшісі___________А.Шатқарина

 «___»___________ 2022 жыл

 

Қызылқоға ауылдық округінің  

ардагерлер кеңесінің төрағасы________________С.Қойшыбаев

 «___»___________ 2022    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қызылқоға ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы анықтама
Дата публикации
02 марта 2022