Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, Қаракөл орта мектебі директорының 17.01.2022 жылғы №1-6 бұйрығымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмысшы тобы құрылды. Жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жүргізді:
Қаракөл орта мектебінде мұғалімдер саны: 62, қызметкерлер саны: 44
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында мектеп ұжымы қызметінде Кодекстер, Заңдар, нормативті құқықтық актілер, басқа да құқықтық актілерді басшылыққа алып қарастырылды.
Мектебімізде 8 (сегіз) түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді:
Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің уақытынан кешіктіріліп орындалғаны болған жоқ. Көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат ай сайын білім бөліміне беріліп отырады.
Бұқаралық ақпарат құралдарында мектептің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты теріс материалдар анықталған жоқ. Білім бөліміне бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіледі. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.
Өткізілетін мемлекеттік сатып алулардың барлық тәсілдері, сондай-ақ конкурстық құжаттамалар, сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар, конкурсқа қатысуға өтінімді ашу, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралыхаттамалар Қазақстан Республикасының бірыңғай мемлекеттiк сатып алу веб-порталы арқылы ашық түрде өткізіледі. Есептік кезеңде мекеме қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқықбұзушылық орын алған жоқ.
Қаракөл орта мектебі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады. Қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқықбұзушылық орын алған жоқ.
Жұмыс тобы басшысы:Т. Аронов – кәсіподақ төрағасы
Жұмыс тобы мүшелері:Ш.Абилгазиева - директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
М.Шүрегеев- әлеуметтік педагог
Г.Баданова - мұғалім
Г. Ізімқұл – мұғалім